Мектебім – қуанышым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мектебім – қуанышым
24.09.2015, 12:13
Сабақтың тақырыбы: Мектебім – қуанышым!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды мәтін мазмұнын таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Саналы түсініп оқуға бағыттау.
2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. «Мектеп», «ұстаз», «оқушы» арасындағы сыйластықты дамыта отырып, бірлікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ой қозғау, өлең құрастыру, орталықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мектепте мұғалімдер жұмыс істейді.
2. Мектепті директор басқара ма?
3. Директор бүкіл мектеп ісін жүргізе ме?
4. Ұстаз білім бере ме?
5. Ұжымға кіші қызметкерлер кіре ме?
6. Өз мектебіңді жақсы көресің бе?
7. Мектепке білім алуға келесің бе?
8. «Мектеп – білім ордасы!» дегенге келісесің бе?
9. Мектепте жүгіремін
10. Мектеп іскерлікке, шеберлікке жаттықтыра ма?

Үй тапсырмасын бекіту.
- Балалар, осы сұрақтар төңірегінде жауаптар неге тіркеледі?
- Не туралы үйреніп жатырмыз?
Мектеп

Директор
Мұғалім
Білім ордасы
Директор орынбасарлары
Тәрбиелейді
Ұжым
Қуаныш
Оқуға тәрбиелейді
- Балалар, мен тағы да «қуаныш» деген сөзді қосқым келеді? Неге? Кәне кімнің айтар ойы бар? (Оқушылар өз ойларын айтады).

3. Жаңа сабақ.
- Дұрыс – ақ, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Мектебім – қуанышым!» деп аталады.
- Енді, оқушылар, бүгінгі сабағымыз бойынша орталықтарға бөлініп отырмыз. Әр орталықтың тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды орындау, қорғау.
1 «Оқу» орталығы
А) Мәтінді мәнерлеп оқу. Ә) Сұрақ – жауапқа дайындық
2. «Жазу» орталығы
А) «Мектеп» сөзін қатыстырып мәтін құра. Ә) 4 жолды өлең
3. «Ғылым» орталығы
А) «Мектебім – мақтанышым!» Өз мектептерің туралы йтыңдар. Ә) «Мектебім – жасыл желек!»
4. «Өнер» орталығы
А) Сурет салу Ә) Өз жұмыстарын қорғау.
Өнер орталығының балалары сіздер мектеп айналасына ағаш суреттерін салыстырыңдар.
Ал, ағаштарды қорғау, сындырмау туралы қандай халық қағидасын білесіңдер.
- Жақсы балалар, осы жүргізген жұмысымыз арқылы біз не туралы білдік?
- Ол қандай мекеме орны?
- Оқу жылында неше тоқсан бар?
- Мектептерде кімдер қызмет етеді?
- Оларға деген көз қарастарың қандай?
- Өзің мектебің мен мәтіндегі мектептің айырмашылығы қандай?
- Өзің сол мәтіндегі оқушыға ұқсайсың ба?
- Мектепке келер кезде өзің қандай сезімде боласың?
- Не үшін қуанасың?
Қорытынды.
- Дұрыс – ақ, балалар, бәріміз де мектепке әрдайым қуанышты келеміз. Мектебіміздің әк түсінің өзі мейірімділікті, жылылықты білдіреді.
- Осы мейірімділік пен жылудың ошағы болған мектебімізге неше жыл болды?
- Осыдан 20 жыл бұрын Н. Ә. Назарбаев ашқан еді. Мінеки, Елбасы ашқан гимназия оқушылары қай жағынан көрінуі тиіс?

32 мектеп гимназия

Шығармашыл, тәртіпті, ақылды, білімді, дарынды, үлгілі

- Дұрыс – ақ, бүгінгі сабағымызда біздер де өзімізді әр жақтан көрсете білдік, олай болса жауап бергенімізге қарай бағаланамыз.
Бағалау
Үйге: Мектебім – қуанышым!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Мектебім, қуанышым
Просмотров: 264 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar