Мемлекеттік рәміздер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мемлекеттік рәміздер
24.09.2015, 12:58
Серуен Бердхожақызы

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – ұлт құндылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін пысықтау. Әңгіме және өлеңдер арқылы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың өмірге деген көзқарасын жақсылыққа бағыттау, өз ойларын қорыта білу дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның Мемлекеттік рәміздері, интербелсенді тақта, слайд, кітаптар көрмесі
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, тарих
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс – тәсілі: әңгімелеу, тыңдау, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тұрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні Туға қарап тұрып, оң қолды сол жақ жүрек тұсына қойып орындалады.
Иран Ғайып ағамыз:
Өзіңдікі Тауың да,
От пен Ауа, Суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!,-
- десе, Қадір Мырзалиев аталарың:
Азабыңды шеккен ел,
Тозағыңнан өткен ел.
Батысыңда қар жатса,
Шығысыңда көктем ел,-
- деп суреттеп отырған алып ел – біздің еліміз Қазақстан Республикасы.
Сайлау Байбосындай ақынға:
Алынғанмен бодандық, қолда бұғау,
Биігіне біз күткен қонбадың – ау! –
- деп жырлатып жүріп, ата – бабаның асыл арманына да қол жеткізіп,
“Мен – қазақ, қазақпын”, - деп мақтанамын,
Ұранға “Алаш” деген атты аламын!-
- деп кеуде кере ұрандаттық.
Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі – сол халықтың ана тілі, яғни қазақ тілі болып 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілді. 1998 жылы Тіл туралы Заңды күшіне келтіру үшін Мемлекеттік бағдарлама жасалды.

16 – желтоқсан. Бұл күн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан – байтақ жерді алып жатқан миллиондаған қазақтың Отаны болды, яғни терезесі тең мемлекет болып мойындалған ел – қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы болатын.
Осы еркіндікті, елдікті, теңдікті алғашқылардың бірі болып мойындаған Түрік бауырларымыз еді, іле – шала Канада, Бразилия, Үндістан, АҚШ сынды әлемнің алпауыттары да мойындап құттықтады.
1991 жылдан бастап Тәуелсіздіктің даңғыл да сара жолына түскеннен кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының арқасында әлемнің алыптарымен арқа тірестіре жұмыстар атқарылды. Өзге елдерге шақыртулар алып, шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдерін біздің елімізбен дипломатиялық қатынастар жасап отырған тұлға – еліміздің «Нағыз азаматы» деген атаққа лайық.

Мұғалім: - Балалар, «Нағыз азамат» деген қандай адам болу керек?
Оқушы жауабы:
«Нағыз азамат» деген – өзін, басқа адамдарды, өзінің отандастарын сыйлайтын, қадір – қасиетін құрметтейтін адам. Олар мемлекет қабылдаған заңды бұзбайтын, сақтайтын адамдар. Нағыз азамат болу – өз елінің патриоты болу деген сөз. Патриот болу – өз Отанын сыйлау, оның жетістіктерімен мақтану, өз елінің тарихын білу, батырларын есте сақтап, сол ел үшін талмай еңбектену деп ойлаймын.

Мұғалім: - Дұрыс айтасың,
- Ел тізгінін өз қолына алып, кемел келешекке нық сеніммен адымдаған Елбасы туралы не білесіңдер?
Оқушы жауабы:
1. 1940 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында Әбіштің отауында тұңғыш ұл болып дүниеге келген.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мемлекеттік, Рәміздер
Просмотров: 281 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar