Мемлекеттік тіл - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мемлекеттік тіл
24.09.2015, 09:55
Дүниетану 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, дамуына мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспауға, мәртебесін жоғары ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік салт – дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
2. Өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Отаны үшін отқа түсетін елжанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу;
3. Оқушылардың есте сақтау қабілетінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілік және техникалық құралдары: интерактивті тақта, ел - рәміздері, карта, бейнетаспа жасыл - желек бағдарламасы.
Қазақстан Республикасының рәміздері, “Тіл туралы” заң, Конституция, мақалдар, нақыл сөздер, тест сұрақтары, сызбалар, оқулық.

Сабақтың барысы.
Психологиялық дайындық.
1. Әнұран орындау
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ел рәміздері» мәтінің мазмұнын бірнеше оқушылардан сұрау. Мәтін мазмұнына сәйкес суреттер тақтадан көрсетіліп тұрады.
«Зерделі болсаң, биік шыңға жетерсің»
Мемлекеттік рәміздер туралы жаттаған өлең, тақпақтарынан үзінді оқу.
2. Қызығушылығын ояту.

- Өте дұрыс
Олай болса,
- Біздің бүгінгі сабақта танысқалы отырған тақырыбымыз « Мемлекеттік тіл» болмақ.

3. Мағынаны таныту.
а) Балалар, тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі – тіл.
Тіліміздің тарихына тоқталайықшы, онда қасіретті беттер аз емес. Халқымыз, жеріміз 200 жылға тарта Ресейдің, 70 жылдан аса кеңестік Ресей империясының бодауында болған екен. Ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесінен айырылып, ақын - жазушылар, басқа да зиялы қауым өкілдері « халық жауы» атанған кез болған. Халқымыздың саны күрт азайған еді.
Мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар.
- Бес арыс; Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.(сурет бойынша әңгіме)
- Елімізде өзгеріс болды, осы өзгерістен кейін еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Тілімізге қатысты теңсіздік жойылды. Тіліміз «Мемлекеттік тіл» дәрежесін алды. Ата заңымыздың 7 - бабының бірінші тармағында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілді. Осыған байланысты 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік тілді насихаттау қолға алынды. Мемлекеттік теле - радио бағдарламалары, басылымдар қазақ тілінде шығарылып, жүргізіле бастады. (Видео)
- Біздің еліміз қандай мемлекет?
(көп ұлтты)
- Олар қай тілде сөйлеседі?
- Міне, өздерің айтқандай, көп ұлтты мемлекетімізде әр ұлт өкілінің тілін, дінін, дәстүрін сақтауға жағдай жасалған. Сонымен қатар ұлтаралық қатынас ретінде орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады. Орыс тілі – ресми тіл. Еліміздің көп ұлтты мемлекет екендігінің бір дәлелі.
«Тілдер күнінің» белгіленуі.
- Тілдер күні қашан? (22 қыркүйек)
- Ал енді мемлекеттік тіл дегеніміз не? Осыған тоқталайық.
- Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі, осы елдегі халықтың негізін құрайтын халықтың ( ұлттың) тілін айтады. Ал біздің елімізде халықтың көпшілігін құрайтын кімдер, қазақтар, ендеше мемлекеттік тіліміздің қазақ тілі болуы да тарихи заңдылық. Жерімізді бұрыннан ата - бабамыз мекен еткен. Олай болса, тілімізде ұрпақтан - ұрпаққа жеткен – асыл мұра екенін естен шығармайық.
Қазақ тілі әлемдегі сөйлеушісі – ең көп 70 тілдің бірі.

ә) Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқушыларға тізбектей оқу.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мемлекеттік, тіл
Просмотров: 157 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar