Мен Қазақстан Респуликасының - азаматымын! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен Қазақстан Респуликасының - азаматымын!
24.09.2015, 09:55
Сабақтың тақырыбы: Мен Қазақстан Республикасының – азаматымын

Сабақтың мақсаты:
1) Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтумен бірге Қазақстан азаматты болу үшін қасиетті құжаттардың болуы керектігін түсіндіру.
2) Ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап. Әңгімелеу.
Көрнекіліктер: туу туралы куәлік, куәлік, паспорт (төл құжат) Қазақстан Республикасының картасы.
Меңгерілетін сөздер: Куәлік, төл құжат, ту, елорда, көкбайрақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Сәлеметсіз бе!
- Қалдарың қалай? – Жақсы.

2. Бір – біріне жақсы көңіл күй сыйлау
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз дос болайық.
Бәріміз тату болайық
Аспанымыз ашық болсын
Нанымыз көп болсын
Деніміз сау болсын
Көк туымыз биік болсын.
М: Рахмет, жарайсыңдар балалар.

3. Өткен тақырыпты қайталау.
- Кім айтады, семьяны қазақша қалай атаймыз?
- Отбасы немесе жанұя деп атаймыз.
- Қараңдаршы отбасында ең кішкентай кім екен?
- Ол бала, одан соң оның әпкесі немесе ағасы.
- Ал мынау кімдер болады екен?
- Бұл әкесі мен шешесі.
- Мынау әже мен ата.
- Балалар, сендер осы жанұя туралы мақал - мәтел айта аласыңдар ма?

Балалар:
1. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
2. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
3. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

М: Өте жақсы, балалар енді осы жанұя қай қалада тұрады екен?
Б: Петропавл қаласында тұрады.
Мұғалім: Ал Петропавл қаласы қандай Республикада орналасқан?
Б: Петропавл қаласы Қазақстан Республикасында орналасқан.
М: Балалар біз бүгін сендермен Қазақстан Республикасы жайлы әңгімелесеміз.
Есік қағылады.
Қазақша киім киген үлкен ақ сақалды ата кіріп, балалармен амандасады.
- Сәлеметсіңдер мең балалар! Үш жүздің басын біріктірген мен Абылай хан боламын. Өткен ғасырда елімізді мен сияқты хандар мен билер басқарған болатын.
- Ал қазір елімізді кім басқарады?
Б: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады
М: Хош келіпсіз Абылай хан ата. Сіз төрге жайғасып отырыңыз. Біздің балалар сізге Қазақстан Республикасы жайлы айтып береді.
М: Балалар сендер білесіңдер ме, Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Б: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Біздің айбынды елтаңбамыз, көк аспандай туымыз, әнұранымыз бар.
М: Балалар, мынау не қылған суреттер екен қараңдаршы.
Б: Иә білеміз. Бұлар -, елтаңба, ту, карта.
М: Біз қандай Республикада тұрамыз?
- Қандай рәміздерді білесіңдер?
Б: Елтаңба, ту, гимн.
М: Ендеше тұрып гимнды айтайық.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Респуликасының, азаматымын!, Қазақстан, Мен
Просмотров: 235 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar