Мен – егеменді елдің болашағымын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен – егеменді елдің болашағымын
24.09.2015, 09:24
Тақырып: «Мен – егеменді елдің болашағымын»
Мақсат:
1. Білімділік: оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: оқушылардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының рәміздері мен картасы, Атазаң, Н. Ә. Назарбаевтың суреті. Отан, туған жер туралы қанатты сөздер. Буклет, сөзжұмбақ, патриоттық үлгідегі бейнематериалдар мен әндер. Мультимедиада дайындаған слайдтар. Карточкалық сұрақтар.
Шара барысы: оқушыларды топқа бөліп ұйымдастыру, психологиялық дайындық.
Жоспар:
1. Бөлім. Үнсіздік сәті. (слайд шоу)
2. Бөлім. Таныстыру. Слайд.
3. Бөлім. Мақал – мәтелдер сайысы.
4. Бөлім. Биік шыңға бірге шығу.
5. Бөлім. «Болашақ Қазақстан» шығармашылық жұмысы.
6. Бөлім. Қорытынды.

Кіріспе:
Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Осыған орай «Мен – егеменді елдің болашағымын» атты шарамызды бастаймыз.
1. Топ: Қазақстан.
2. Топ: Бәйтерек.
1. Мұғалім:
«Тәуелсіздік – 11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан» - дей келе, тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреніп өткені белгілі. Талай қиын – қыстау, қуғын – сүргінді ата – бабаларымыз басынан кешті. Сан ғасырлар бойы ата – бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Аллаға шүкір көксеген арманға 20 ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Енді еліміздің елеулілері мен қайраткерлерін, Қазақ хандығының, тіпті одан әрірек бастау алған, қазақ жерінде болған талай қуғын – сүргінде қаза тапқан, Ұлы Отан соғысында ел үшін жанын құрбан еткен, 1986 жылғы алаңда азаттық үшін алысқан жастарымызға арнап бір сәт үнсіздік минутын жарияласақ.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: болашағымын, Егеменді, Мен, елдің
Просмотров: 276 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar