Мен мамандық әлеміндемін - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен мамандық әлеміндемін
24.09.2015, 13:21
Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін» (слайдымен)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы туралы білімдерін, түсініктерін кеңейту, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайдтар
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, пікірлесу, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Жоспары:
1. «Бұл кім» тренингі
2. «Мамандық - өмір бастауы»
3. «Мамандықтар классификациясы»
4. «Ойыңды дәлелде» пікірлесу
5. Қазіргі заманның тапшы мамандары
6. «Мен және фигура» психогеометриялық жаттығу.
7. Қорытындылау.

Барысы:
1. «Бұл кім» тренингі
2. Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді?
3. Мамандық дегеніміз не?
4. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді?

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі.
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
- ата - ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы

«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
• адам – техника,
• адам – адам,
• адам – белгі жүйесі,
• адам – табиғат,
• адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
6. Ақша болса, мамандық қажет емес
7. Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
8. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

Бейнеу ауданында қандай мамандық иелерін оқытатын оқу орындары бар?

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
1. Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
2. Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
3. Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Бейнеу ауданына қандай мамандық иелері қажет деп ойлайсыңдар?
Диплом жалақысы жоғары, тұрақты жұмыстың кепілі емес. Дегенмен дипломсыз - ақ жұмыс жасауға әбден болады. Тек ол жұмысқа деген ебіңіз болса, болғаны.
Дипломсыз қандай жұмыстар істеуге болады?
Мамандық иелерін салыстыру
Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары:
"Мен және фигура" психогеометриялық жаттығу.

Қорытынды.
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: әлеміндемін, Мамандық, Мен
Просмотров: 210 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar