Мен оқушымын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен оқушымын
24.09.2015, 15:25
Сабақтың тақырыбы: Мен оқушымын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Жоспары:
І. Кіріспе
Білім керек бәріне
ІІ. Оқушы анты
Оқушы ережесі
Оқушының сабақтағы міндеттері
ІІІ. Көрініс «Кім кінәлі»
ІV. Озық ойлы оқушы
V. Қорытынды

Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі
Оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен оқушымын»Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.
Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер.
. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ
Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерін бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларын керек.

ІІ Білім керек бәріне
Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы —
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.

1. Жансая
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Мектеп анам бүгінде
Мектеп алтын босағам
Мектеп берген біліммен
Марқаяды Жас ұлан

2. Мәулен
Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Осы мақал мәнісі
Қалай деп інім сұрады
Болғың келсе білімді
Кітаппен достас мәңгілік
Жадында білім жаңғырып
Оятар сана сезімді
Танырсың жатты өзіңді
Ашарсың сөйтіп көзіңді

3. Аружан
Алақай - ау, Алақай!
Алақай - ау, Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді
Бардым мен мектепке
Оқушымын ен енді!

4. Дастан
Корабльді басқарып, Көк жүзінде самғасам.
Тауды бұзып тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Табындырар бар елді,
Ғажап елдер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі ойлап таба алсам.

ІІІ Оқушы анты
Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.
Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын..
Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, деп - ант етемін.

Оқушы ережесі
1. Қуаныш: Ай күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.
2. Жарбол. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «Ассалаумағалейкум»деп қос қолды беріп сәлемдесу. Қыздар сәл еңкейіп, «Сәлеметсіз бе?»- деу)
3. Мағжан:. Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату. Әкеңді, шешеңді - деп балағаттау дөрекілік екенін есте сақтау
4. Нұрбану: Қыздар шашты өсіру кеспеу. Қыз ернін, бетін, көзін боямау
5. Рауан: Үлкеннің жолын кеспеу.
6. Ақниет: Үлкеннің атын атамау.
7. Нұрбек: Үлкенге үнемі «сіз»- деп сөйлеу.
8. Ерболсын: 8 - сыныпқа дейін ер балалар үнемі шашты қырғызып алғызу.
9. Рүстем: Өзіне көрсетілген қызметке ілтипатпен, рақмет айтуды ұмытпау.
10. Ақерке: Ажырасар, қоштасар сәтте «сау болыңыз, кездесер күн жақын болсын»- деп, адал тілек, ақ ниет білдіру.
11. Әсел: Қыздар үшін ұл балаларды «ит - шошқа, иттің баласы»деп балағаттамау.
12. Айдай: Ұрлық жасама, өсек, өтірік айтпай, ондайлар ұлттық намысы қорлаған болып шығады.

Оқушының сабақтағы міндеттері
1. Қуаныш: Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс.
2. Жарбол: Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады.
3. Мағжан: Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді.
4. Рауан: Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек.
5. Ақниет: Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек.
6. Нұрбек: Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады.
7. Ерболсын: Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады.
8. Ақерке: Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды.
9. Рүстем: Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді.
10. Нұрбану: Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады.
11. Әсел: Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек.
12. Айдай: Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.

Көрініс «Кім кінәлі»
Ақерке Аружан Мағжан Нұрбану

Озық ойлы оқушы
1. Тұңғыш әліппе оқулығын кім жазды?
2. «Бай болсаң халқына пайдаң тисін»- деп бата берген кім?
3. Бір жанұядағы ағайынды екі жігіттің әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар?
4. Мұз айдынында 12 бала сырғанап жүр еді. Екі ұл үйіне кетті де, бес қыз келді. Енді неше бала сырғанап жүр?
5. 1жыл неше ай бар?
1апта неше күн бар
1дм неше сантиметр бар?
6. Мәтін дегеніміз не? Неше түрі бар?
7. Сөйлем дегеніміз не?
8. Адамға керек 5 қажеттілікті ата.
9. Ауа қай жерлерде тұрады?

«Қара жорға» биі
Шығармашылық жұмыс
Білім алуға көмегін тигізген ата - анаңа, ұстаздарыңа сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер? Бір - бір тілек.
Ата - анамен жұмыс
1. Балаңыздың бойынан мектепке келген кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
2. Балаларыңызға қандай тілек айтар едіңіз?

Қорытынды
Оқушылар ХХІ – ғасыр – білім ғасыры
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өткенімізді түсінетін, болашағымызды сеніммен қарайтын азамат болып өсіңдер.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде
Көрнекіліктерді таныстыру:

«Мен оқушымын»- атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Құрметті ата - аналар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет Оқушылар жақсы қатысқандарыңыз үшін бәріне рақмет!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Мен, оқушымын
Просмотров: 363 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar