Мен салауатты өмір салтын жақтаймын - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен салауатты өмір салтын жақтаймын
24.09.2015, 09:15
Тақырыбы: Мен салауатты өмір салтын жақтаймын
Мақсаты: 1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына темекінің, алкогольдің теріс әсері туралы түсінік бере отырып тәрбиелеу.
2. Оқушылардың ой - пікірлерін ортаға салу, өзін - өзі бағалауына жол ашу, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту, ортаның қысымына қарсы тұра білуге дағдыландыру (темекіні, алкогольді байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру).
3. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тренинг
Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе.
Мұғалім: Қош келдіңіздер, мұғалімдер және оқушылар. Биыл біздің Республикамыздың тәуелсіздігіне 20 жыл екенін бәрімізде білеміз. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына 20 жұлдызды күн арналып жатқанын да білеміз. Бүгін 12 желтоқсан - «Денсаулық» күні. Біз бүгін «Денсаулық» күніне «Мен салауатты өмір салтын жақтаймын» атты тренинг өткізгелі отырмыз. Бұл тренингті өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, тазалық, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу.

Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді.
Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей «Адам – елдің басты байлығы», осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс - әрекеттерінің әсері мол. Және де біздің елбасымыз 2002 жылды «Денсаулық» жылы деп те жариялаған болатын. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлау керек!

Ей, болашақ ұланым!
Болашағы қазағымның,
Сендерсің деп білемін
Балғынды жас болашақ
Мен сендерге сенемін! – дей отыры бүгінгі іс - шарамызды бастайсыз.
ІІ. Миға шабуыл.
1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
2. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
3. Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Салауатты өмір сүрудің мақсаты
Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

ІҮ. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары:
- дұрыс тамақтану;
- зиянды әдеттерден аулақ болу;
- жеке бас тазалығын сақтау;
- денешынықтырумен айналысу;
- оң эмоциялардың көп болуы;
- қоршаған ортаның тазалығы;
- күн тәртібін сақтау;
- үнемі қозғалыста болу.
Ү. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау.
Зиянды әдеттер
Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық

Салауатты өмір салтын ұстануға бірден - бір кері әсер ететін факторлар.
Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.

Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 - ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.

Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%- ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.
Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.

ҮІ. Ситуациялық сұрақ.
Атабек 16 жаста. Ол 11 - сынып оқушысы. Оның отбасында әкесі, шешесі, 14 жастағы інісі және 12 жастағы қарындасы бар. Олар ядролық қалдықтармен қатты ластанған қалада 4 бөлмелі пәтерде тұрады. Әкесі ғылыми қызметкер болған, бірақ өткен жылы ол жұмыс істейтін жергілікті фабрика жабылғанда жұмыссыз қалды. Содан бері ол қатты күйзелісте және көп ішеді.

Шешесі – мұғалім, отбасын асырауға оның жалақысы жетпейді. Атабек өте қабілетті бала, бірақ отбасына көмектесу үшін оқуды тастауға шешім қабылдайды. Шешесі ұнатпаса да, кейде әкесі Атабекті ішімдік ішуге мәжбүрлейді. Атабектің достары да арақ ішіп, темекі шегеді. Екеуі – нашақор, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олар ұрлықпен айналысады.

Осы мәтінге байланысты келесі сұрақтарды талқылаңыздар:
1. Атабек тұратын ортада оның өмір сүруіне кері және дұрыс әсер ететін факторлар.
2. Әкесінің ішімдік ішуіне не нәрсе түрткі болы? Оның басына түскен қиындықты ішімдіктен басқа жолмен шешуге болар ма еді?
3. Атабектің артынан ерген інісі мен қарындасы өздерін қалай сезінеді? Өздеріңді олардың орнына қойып көріңдерші.
4. Бұл отбасының өмірін жақсарту үшін не істеуге болады?
5. Атабектің достары туралы не ойлайсыңдар?
6. Бұл отбасын 5 жыл өткен соң көзіңізге елестетіп көріңіз.
ҮІ. Менің өмір сүру қалпым.
Р/с - Атқарылатын іс ----------------------------- Күнделікті ----------- Анда-санда ------ Мүлде жасамаймын
1. Таңертең ұйқыдан 7-00 - де тұрамын
2. Таңертеңгі дене қозғалысы
3. Мектепке келу
4. Денешынықтыру сабағына қатысу
5. Сабақтан тыс шараларға қатысу
Үйдегі дене еңбегінің орындалуы

ҮІІ. ЖИТС – дауасыз дерт.
ДДҰ мәліметі бойынша АИТВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 4050 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС - пен ең көп науқастанушылар АҚШ - та, Батыс Еуропа елдеріне (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам – вирус тасымалдаушылар, ЖИТС - пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.

Жұғу жолдары

Жыныстық қатынас
Қан арқылы (әртүрлі иньекциялар жасаған кезде)
Анасынан нәрестеге жұғу арқылы

ҮІІІ. «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ - жауап)
1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе)
2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу)
3. 2002 жылы Елбасы қандай жыл деп жариялады? (Денсаулық)
4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау)
5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік)
6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді)
7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)

ІХ. Мақал - мәтел.
1. Сақ жүрсең, сау жүресің.
2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
3. Денің сау болса, жарлымын деме.
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
4. Тыста ұзақ жүргенің – ұзақ өмір сүргенің.
5. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.
6. Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман.
7. Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы.
8. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
9. Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый
10. Жарлының байлығы – денінің саулығы.

Х. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке...
Оқушылар бір - біріне тілектерін жазып ұсынады.
Қорытынды.
«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жақтаймын, Өмір, Мен, салтын, Салауатты
Просмотров: 286 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar