Мен және менің достарым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен және менің достарым
24.09.2015, 13:21
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің психологы
Нұрхожаева Альфира Қанатбайқызы
Тақырыбы: «Мен және менің достарым»

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Көрнекілігі:геометриялық фигуралар, сызба-карточкалар

Кіріспе
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.
Данышпан философ Фалес айтқандай
Дүниедегі ең үлкен нәрсе - кеңістік
Бәрінен жүйрік - ой
Бәрінен дана - уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің тану.

Іскерлік ойыннан бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
1-оқушы: Арман, сен бүгін ерекше көріктісің
2-оқушы: Әнел, көркіңе ақылың сай.
(т. б сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы оқушыға дейін жалғасады).
- Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды.
1-тапсырма:
Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады.
Міне, біз 5 топқа топталдық
Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар.
(оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді)
И. Панарин тесті бойынша.
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.
Зиг-зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті.

2-тапсырма:
1-топқа: Ситуациялық тапсырма (топтағы2-оқушыны шақырып сыртқа шығуын өтінеміз)
Сіз сыныптағы қыздың өз үйінің алдында бірнеше ер баламен темекі шегіп тұрғанын көрген, сыртта тұрған 2 оқушының қасынан өткенде қандай іс-әрекет жасаймыз деп ойлайсыздар.
Ал қазір сыртта тұрған 2 оқушыны шақырып осы ситуацияны оқиық, 2 оқушыға осы жағдайда не істейсіз деп сұрақ қойылып, олардың жауабы тыңдалады. Нәтижесінде осы 2 оқушының өз жауаптары туралы достарының жауаптарымен салыстырылып өзгені тани алу қабілеттіліктері айқындалады.
2-топқа:Бір сыныптас ұлға немесе қызға қысқаша, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме жаз. Басқа топ оның кім екенін табуы шарт.
3-топқа: Өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені атаңыздар.
4-топқа: аяқталмаған тест ұсынылады
«Егер мен осы алдымызда тұрған мұғалім болсам. ...»
5-топқа: шығармашылық тапсырма: «Міне мен қандаймын?» тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету.
- Рахмет балалар, әрбір топ белсенділік көрсетті.

3-тапсырма:
Блиц сұрақтары:
1. Мағынасы жағынан «биография» сөзімен бірдей сөзді ата?(өмірбаян)
2. «Жағымсыз» сөзіне қарама-қайшы сөз?(жағымды)
3. Кітаптың баяндаманың мазмұнын білдіретін қысқа жазба? (конспект)
4. Ұқсас деген ұғымға қарама-қарсы сөз ол? (әр түрлі)
5. Оппозиция - ол (қарсы әрекет)
6. Цивилизация - бұл? (мәдениет)
7. Экспорт бұл? (шетке шығару)
8. Ампер-вольт (электрлік өшем бірлік)
9. Майлар - белоктар (органикалық заттар)
10. Азия-Африка (жер шары бөліктері)

4-тапсырма:
«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Алдын-ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
1. Суретті аяқтау қиын болды ма?
2. Жаттығу ұнады ма?
3. Бұл жаттығудың тиімділігі бар ма?
Қорытынды: Жүректен жүрекке, балалар жылы лебіздерін білдіреді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: достарым, менің, Мен, және
Просмотров: 241 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar