Мен және менің полициям - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мен және менің полициям
24.09.2015, 13:50
«Мен және менің полициям»
Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта ата - аналар, оқушылар мен мұғалімдер арасында «Мен және менің полициям» атты ауылдың учаскелік полициясы Сәбит Сейсеновпен кездесу кеші №162 орта мектепте ұйымдастырылып өтті. Кездесу кешін 8 сыныптың үздік оқушысы Мұятов Даулетбақ жүргізді. Оқушылардың құқықтық білімін тексеруде сұрақ - жауап ойынында: Жеке адамның құқығы дегеніміз не?, Құқықтың қандай түрлерін білесің? Адамның негізгі құқығы қандай?, Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық деген не? т. б сұрақтарға оқушылар жауап берді. Оқушылар жауаптарын полиция Сәбит Сейсенов толықтырып отырды.

Оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмысы мен полицияның қазіргі кездегі жұмысының жайттарын, міндеттерін полиция қызметкері Сәбит Сейсенов таныстырып, оқушылармен сыр - сұхбат жүргізді. Оқушылардың қойған сұрақтарына нақты білімділігін көрсетіп Сабит ағайының жауаптарына оқушылар ризашылықтарын білдірді. Мектептің тарих және құқық пән мұғалімі: Сатершинов Елшібек «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. 10 сынып оқушысы мектептің «Ұланбасы»- Нұрлыбаев Дінмұхаммед «Жасөспірімдердің бұзақылығына кім жауапты?» тақырыбында презентациялық жұмысын таныстырды. 9 сынып оқушысы Молдахметов Қуаныш «Балалар құқығы мен Конвенциясы» туралы жұмысын талқылады.

«Конституцияны білесің бе?» атты оқушылармен Қ. Р Коституциясының 3 - бап, 10 - бап, 19 - бап, 23 - бап, 44 - бап, 43 - бап, 49 - бап, 67 - бап, 64 - бап, 70 - бап, 12 - баптарынан мазмұны не туралы айтылған жөнінде деңгейлік тапсырмалар берілді. 8 сынып оқушысы Әбшеева Аягөз, 9 сынып оқушысы Қабланов Сәндібек, 11 сынып оқушысы Тұрмағанбетов Қалкөз деңгейлік тапсырмалады үздік орындап шықты.

«Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа» атты оқушыларға сергіту сәтінде жұмбақтар шешу тапсырмасы беріледі. Оқушылар Тәуке хан жазған жеті жарғыны, Тәуелсіздік заңының қабылданған уақытын, Балалар Конвенциясы туралы берілген жұмбақтардың жауаптарын тауып, 10 сынып оқушысы: Амангелдиев Б, 8 сынып оқушысы Жанболаттегі Іңкар білімділіктерін көрсетті.

«Күнделікті көрініс» құқық бұзушылық туралы ситуациялық тапсырмалар беріліп, оқушылардың ой - пікірі тыңдалды. Әрбір оқушының пікірін ауылдың учаскелік полициясы Сәбит Сейсенов толықтырып отырды. « Мен заңды қаншалықты жақсы көрем?» тақырыпта түсініктеме жұмыстарына оқушылар, мұғалімдер қызығушылықпен қатысты.

Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі - мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Құқық бұзушылықтың себебі жөнінде мағлұматтар мен пікірлер айтылды. Кездесу кешін мектеп директоры: Серік Дүйсебаев қорытындылады. Бала бір күнде қылмыскер болмайды. Бала қылмыскер болуы үшін бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата - ананың баланы бақылаусыз жіберуі, баланың түрлі топқа кіруі, жақсы жолдастарының болмауы, мұның барлығы дер кезінде байқап, балаға көмекке ұмтылсақ, оны сақтап қалуға болатындығын айтты.

Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген. Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспеуіне бірден — бір жауапты ата - ана. Өсіріп отырған балаларымыз болашақта шалыс баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен кездесу кешін оқушыларға тәрбиелік мәні үлкен шара болды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: полициям, менің, Мен, және
Просмотров: 321 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar