Менің Қазақстаным - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Менің Қазақстаным
24.09.2015, 08:39
"Менің Қазақстаным"
Білім сайысы (презентациясымен)

1. Білім биржасы
2. Қазақстан: кеше...
3. Қазақстан: бүгін

Білім биржасы
1. Бұл қаланың әкімшілігін Қазақстан мен Ресей бірігіп тағайындайды. Әкімшілік ғимаратында екі елдің де жалауы ілінген. Сонымен бірге теңге және рубль айналымға бірдей жүреді. Бұл қала Қазақстандағы ерекше статусы бар қала.
Сұрақ:
Әңгіме Қазақстанның қай қаласы жайында айтылып отыр?
Жауабы:
Байқоңыр қаласы
2. 1900 жылы алюминий балқытумен 6 ел, ІІ - дүниежүзілік соғыс алдында 17, ХХІ ғасыр қарсаңында 44 ел айналысты.
Сұрақ:
Бұл тізімді Қазақстан қай жылы толықтырды?
Жауабы:
Бұл тізімді Қазақстан 2007 жылы толықтырды
3. Бұл қала 1963 жылға дейін Әулие - ата, 1936 - 1939 жылдар аралығында Мирзоян қаласы деп аталып келді. 1998 жылы өзінің тарихи атауы қайтарылды.
Сұрақ:
Осы қаланың тарихи атауы қалай аталған?
Жауабы:
Бұл Тараз қаласы
4. 1999 жылдың 12 қазанында БҰҰ Қазақстандық Рәбия Ермұхановаға ең құрметті демографиялық атақты берді
Сұрақ:
БҰҰ Рәбия Ермұхановаға бұл атақты не үшін берді?
Жауабы:
Ғаламшардың 6 миллиардыншы тұрғынын дүниеге алып келгені үшін

Қазақстан: кеше...
1. 1975 жылы жарық көрген “АЗиЯ” еңбегінің авторы
2. Бұқтырма СЭС - ын салуға 14 жыл кеткен. Осы аталған СЭС алғашқы токты қай жылы
берді?
3. Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілген уақыт
4. 1964 - 1986 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшысы қызметін кім атқарды?
5. Тың және тыңайған жерлерді игеру қай жылы басталды?
6. 1920 жылы 17 сәуірде В. И. Ленинге хат жолдап Қазақ елін билеудің екі жолын ұсынған
қазақ қоғам қайраткерін атаңыз.
7. Соғыс тақырыбына арналған “Ленинградтық өренім” өлеңінің авторы
8. 1925 жылы Париждегі концертте ән шырқап, күміс медаль иеленген қазақ әншісі
жауаптары

Олжас Сүлейменов
1960 жылы
1949 жылы 29 тамыз
Д. А. Қонаев
1954 жылы
Ахмет Байтұрсынов
Жамбыл Жабаев
Әміре Қашаубаев

Қазақстан: бүгін...
30
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге қолданысқа қай жылы енгізілді?
40
Н. Ә. Назарбаев қай жылы дүниеге келген?
50
Ұлы Абайдың 160 жылдығы, Ш. Уәлихановтың 170 жылдығы, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдығы қай жылы атап өтілді?
30
Қазақстан Ғылым Академиясының құрылған жылы
40
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?
50
Қазақстанмен шектесетін шекарасы ең қысқа мемлекет
30
Қазақстан республикасының әкімшілік облыстары
19 - дан 14 - ке қай жылы қысқартылды?
40
Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” жолдауы қай жылы жарияланды?
50
Президент Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қай жылы қол қойды?
30
ҚР туының авторы кім?
40
ҚР тұңғыш конституциясы қай жылы құрылды?
50
Алғашқы қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстаным, менің
Просмотров: 148 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar