MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Менің Қазақстаным
24.09.2015, 09:30
Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық. Сөз қорын, ақыл - ойын молайту.
3. Тәрбиелік. Адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, слайд, шарлар, жалау, әнұран музыкасы, суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аударту, екі қатарға бөліп отырғызу. Оқушылардың басында көк пилотка, мойындарында көгілдір галстук тағылған

ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім: Тыңда, дүние ғаламат, бар адамзат!
Бүгін біздің сыныпта думанды күн!
Барлығыңызға дауыстап ұран айтып,
Тойлаймыз сыныптағы тәрбие сағатын.

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар бүгінгі 4 «А» сыныбының «Менің Қазақстаным - менің болашағым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Меруерт: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі әнші, өзі ақын халықта
Кім айта алар болмаған деп әнұран.
Ақберген: Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын!
Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен әнұранды шырқайды. Әнұран айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы, елбасы суреті, Ата заң, Астана қаласы, ондағы ескерткіштер, қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі.
Меруерт: Еліміз егемендігін алған күннен бастап өз тілі, өз әнұраны, өз елтаңбасы, өз туы, өз теңгесі, өзіндік салт - санасы мен өз шекарасы белгіленген дербес күйге ендік. Осы күнді ғасырлар бойы жауымен арпалысып келген ата - бабаларымыз қалай аңсады десеңізші!
Ақберген: Ия, Меруерт біз ата - бабаларымыздың арманына жеттік. Етек жеңін жинаған, көршілерімен тату – тәтті өмір сүрген ел болдық. Көкшедей сұлу табиғаты, Каспийдей кең айдыны, Алатаудай асқары бар сұлу табиғат бізде десек артық айтпаймыз.
Меруерт: Рас, сұлу табиғат, бай өлке бізде. Оны ақын жырлары да растай түскендей.
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ?
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап
Ақберген: Ата - бабаларымыз жылдар бойы аңсаған күнін, күткен таңын біздер, бүгінгі ұрпақ қадірлеп, осы күн үшін күрескен азаматтарымызды еске алып, ертеңгі күніміз бүгінгіден де жарқын болсын деп армандаймыз!
Меруерт: Тәуелсіз елдің жырын жырлап ғарыштан
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан
Келешегі кең өрісті кемелді
Жайна мәңгі Қазақстан гүлстан!
Ақберген: Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін
Көрсең ашық Алатаудың күндерін
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан – байтақ Республикам бұл менің!
Меруерт: Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстаным, менің
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar