Менің Қазақстаным - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Менің Қазақстаным
24.09.2015, 13:17
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Байхожа елдімекені
№258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы

Тақырыбы: Менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты: Өз Отанын сүюге тәрбиелеу, Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 21 жыл толып отыр. Осында тұрған балалардың көбі 1991 жылы дүниеге келгендер. Ендеше тарихи жылдарғы 1991 жылдан бастап толықтайықшы. Қандай өзгерістер болды екен?
Тәрбиелігі: Оқушыларды инабаттылыққа, мәдениеттілікке, парасаттылыққа, үлкенге құрмет көрсету жолдарын, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, ынтасын арттыру, Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңірте отырып, ата дәстүрін ардақтауға, аталы сөзден ғибрат алуға, адамгершілік қасиеттерін мұқият сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, ситуациялық жағдайларды ортаға салып талқылау, топ бойынша тапсырмалар.
Көрнекілігі: нақыл сөздер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу;
2. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру;
3. Сабағымыз мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:
1. Әдет пен инабат, сәлемдесу, танысу рәміздері туралы қысқаша кіріспе сөз айтылады;
2. Анкета сұрақтарына және қай кезде қандай тілек лебіздер айтылуы керектігіне оқушылардың жауап беру;
3. Бөлінген үш топқа әр түрлі жағдайдағы ситуацияларға жауап беру.
4. Оқушылардың өздерінің тәрбие сағатына дайындап келген мақал-мәтелдерін, нақыл сөздерін айту.
5. Сабақ барысында тапсырма беру.

1. Кіріспе сөз
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Республикамыздың Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Әрбір қазақ отбасында жас баланы сәби кезінен үлкен мен қол алысып, амандаса білу дағдысына тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңда беріп амандас», «Апаңның қолын ал» т.б. ондай кезде үлкендер өз баласын қол алуға деген ықыласын арттыра түсу, Таудай бол, үлкен жігіт бол т.б. ықыластарын білдіріп жатады.

Амандасып, қол алысу кезеңде қолғаппен жүрген кезде, қолғапты шешу керек. Сәлемдесу амандасу, адамның әрбір жан иесінің бір-біріне сый-құрмет көрсету. Өмірдің мәні де сол, яғни егер сені қоршаған адамдарыңның саған деген көзқарасы, яғни егер сендер тәртіпті, адамгершілігі мол, амандығы дұрыс, үлкенге құрмет көрсету және де басқа тағыда жақсы қасиеттерің болса, қоршаған ортаңда сені үлгі тұтып, сыйлап, саған еліктеп, саған жақсы көзқараспен қарайды.

Қорытынды: «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Яғни, иманжүзді адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді. Осымен біздің тәрбиелік сағатымызды аяқтаймыз.
Сендерге менімен бірге ат салысып қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келешекте, тәрбиелі, ақылды, адамгершілігі мол, білімді азамат, азаматша болуларыңа тілектеспін.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қазақстаным, менің
Просмотров: 189 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar