Менің бейімділігім - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Менің бейімділігім
24.09.2015, 10:18
Сынып сағаты: Менің бейімділігім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейімділік, мамандық туралы ұғымдармен таныстыру, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру. Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.
Құралдар: сауалнама нәтижесі, парақшалар,
Өтілу орны: сынып бөлмесі.

Өтілу барысы:
1. Кіріспе бөлім:
І - ж: Құрметті 3 сыныбы оқушылары. «Менің бейімділігім» атты сынып сабағымызға хош келдіңіздер.
2 ж: Мектебімізде қаңтар айында - кәсіптік бағдар беру айлығы өтіп жатқандықтан, бүгінгі сабағымызда осы тақырып төңірегінде сөз қозғалмақ.
1 - Ж: Бейімділік, қабілеттілік, икемділік сөздері – мағынасы бір - біріне жуық сөздер. Енді осы сөздерге ғылыми тұрғыда анықтама беріп өтелік:
Кезекті сөзді оқушыларға берелік:
1 оқушы: - Бейімділік – өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның нақты бір әрекет жасауы.

2 - оқушы:- Икемділік – адамның қандай да бір нәрсені орындай білу қабілеті.
Ол түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделген. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік – білімнің амалға айналуы, сол амалды жүзеге асырудың тәсілі. Ол – адамның іс - әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка, өнер т. б.- ға) ұмтылысынан, ынтықтығынан көрінеді. Икемділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Икемділікте адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттері сомдалып көрінеді. Ол еңбек процесінде, тәрбие жағдайында дамып жетіледі.

3 - Оқушы: Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар, бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т. б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.

2. Негізгі бөлім:
Қазір мына сөзжұмбақты шешіп жіберелік:

1. Мынау менің білгенім, Ол - сыныптың анасы,
Өзінің де өзгенің, Баласы - оның баласы. Қ. Мырзалиевтің өлеңінде кім туралы айтылады? (мұғалім)
2. Ғарышқа ұшатын адам - (ғарышкер)
3. Ауа райын болжайтын адам – (метеоролог)
4. Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5. Біздің киімізді кімдер тігеді? (тігінші)
6, Адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандар - (дәрігер)
7. адамдарға зәулім үйлер салып береді (құрылысшы)
8. Ұшақты басқаратын адам (ұшқыш)
Мына сөзжұмбақта сегіз сөз шештік, жасырынған 9 - шы сөзді кім табады?
2 - Жүргізуші: Ал мамандық дегеніміз не?
4 - Оқушы: «Мамандық» орысша - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
5 - Оқушы: Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бейімділігім, менің
Просмотров: 191 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar