Менің болашақ мамандығым - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Менің болашақ мамандығым
24.09.2015, 13:49
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы
физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы

Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым...
Мақсаты:
1. Оқушыларға мамандық ұғымы, мамандық түрлері туралы ой – өрістерін кеңейту, мамандықтың адам өміріндегі маңызы, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етілетіндігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Өз Отанына, еліне адал қызмет ететін, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ететін азамат тәрбиелеу;
3. Өздерінің қызығушылықтары, икемділігі, бейімділігіне сай мамандық таңдау қабілеттерін дамыту;

Әдісі: пікірлесу, ой бөлісу, сұхбаттасу, кеңес беру
Жоспар:
1. Тәрбиешінің сөзі
2.«Мамандық туралы не білеміз?» сұрақ – жауап
3.«Кімге қай мамандық жарасады?» ойын
4. «Мен таңдаған мамандық» (12 – сынып оқушылары таңдаған мамандықтары туралы ой бөліседі)
5.«Менің ата – анамның мамандығы» (оқушы ұнайтын, ұнамайтын жақтарын айтып өтеді)
6. Рефлексия
7. Қорытынды

Барысы:
І. Тәрбиеші: Құрметі оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында біз сендермен мамандық әлеміне саяхат жасамақпыз. Сендердің барлығыңда да болашақта «кім боламын?, қандай мамандық таңдаймын? қай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтар мазалайтыны белгілі. Әрине мамандық таңдау – үлкен жауапкершілікті іс. Әлемде мамандық түрлері өте көп болғандықтан, сендер үшін таңдау жасау өте қиын. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік ерекшеліктері, талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге ең басты адамның қызығушылығы, икемділігі қажет, кей адамдардың ойынша бұл жай күн көру секілді, бірақ ол теріс пікір, себебі маман иесі болу үлкен жауапкершілікті, өнерді, шеберлікті қажет ететін нәрсе. Жақсы маман иесі болу үшін ең алдымен таңдаған мамандығыңды сүюің керек, сол мамандықты барлық қырынан танып, сырын жете меңгерулерің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.

ІІ. Сол себепті ең алдымен оқушылар сендер мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер.
1. Мамандық дегеніміз не?
2. Мамандықтың түрлерін ата
3. Жақсы маман иесі болуы үшін адам нені ескеруі қажет?
4. Мамандықтың бірнеше түрін меңгерген қажет деп ойлайсыздар ма?
5. Қоғамда сұранысқа ие мамандықтар қандай?
6. Өзінің мәнін жоғалтпайтын қандай мамандықтар?
7. Жаңа заман талабына сай мамандықтың тууы немен байланысты?
8. Сен жақсы маман иесі атанып, сол еңбегіңнің жемісін көруің үшін не істейсін?

Оқушылардың жауаптары:
1. Мамандық – біздің болашағымыз, адамның кішкене кезінен бергі арманы,
2. Дәрігер, мұғалім, прокурор, менеджер, кинолог, автомеханик т. с. с
3. Адам ең алдымен өзінің мамандығын сүюі керек.
4. Адамның тек қана ұнатып істейтін бір мамандығы болуы тиіс.
5. Техникалық мамандықтар
6. Мұғалім, дәрігер
7. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты туындайды
8. Таңдаған мамандығым бойынша сапалы білім аламын.

ІІІ. «Кімге қай мамандық жарасады?» ойын
Қазіргі қоғамның өзгерісіне қарай мамандық түрлері өте көп. Сол себепті сендерге таңдау жасау оңай емес. Келесі кезекте мен сендерге мамандық атаулары жазылған карточка таратамын. Сол мамандық атауларына сендер сипаттама бересіздер және де сол мамандықтың оқушылардың арасында кімге сай екендігін айтып өту керексіздер.

Аина: Психолог – ол мейірімді, жайлы, кез – келген адамның жанын түсіне алатын, сонымен қатар оған ақыл – кеңес беретін адам. Қазіргі заман талабына сай психолог мамандығы – өте қажетті мамандық деп есептеймін. Себебі қазіргі кезеңде көптеген адамдарға моральдық жағынан көмек керек. Әсіресе оқушыларға емтихан кезінде немесе кез – келген қиындықтардан шығу жолдарына бағыт – бағдар береді. Психолог мамандығы топ арасында менің бөлмелесім Бинураға көбірек келеді. Себебі ол кез-келген уақытта біздерге өзінің ақылын айтып, тыныштандырады.

Малика: Мұғалім – ол қай қоғамда болмасын өзінің мәнін жоғалтпайтын мамандық. Мұғалімдік қызмет – аса үлкен білімділікті, жауапкершілікті, шеберлікті қажет етеді. Барлық маман иелері ең алдымен мұғалімнің алдынан өтеді. Сол себепті мен үшін маңызды мамандық. Топ ішінде мұғалімдік Мөлдірге жарасады. Ол өте ұстамды, жан – жақты, ізденімпаз.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: менің, Мамандығым, болашақ
Просмотров: 400 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar