Менің Республикам Қазақстан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Менің Республикам Қазақстан
24.09.2015, 11:32
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төретам қыстағы
№4 "Күн нұры" балабақшасының тәрбиешісі
Жиенбаева Гүлнәр Қуантайқызы

Сабақтың тақырыбы: "Менің Республикам Қазақстан"
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақстан тарихы туралы түсінік. Қазақстан Республикасының Ата заңы туралы баяндау.
ә) Қазақстанның елтаңбасы, туы, әнұраны туралы әңгімелеу.
Қазақстанның дүние жүзінде алатын орны.
Сабақтың көрнекілігі: Буклеттер, суреттер, Қазақстан Республикасы рәміздері

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар бүгінгі "Білім күні"мерекелерің құтты болсын. Бүгінгі сынып сағаттарымыздың тақырыбы" Менің Республикам Қазақстан". Біз кең байтақ Қазақстан елінде тұрамыз. Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
- Республиканың басшысы кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев( суретті көрсету )
- Қазақстан Республикасының рәміздерін атап беріңдерші?
- Елтаңба, Ту, Әнұран
Елтаңба - шаңырақ бейнелі, күн сәулелі уықтарын қос мүйізді, қанатты пырақтар бейнесі көмкерген күрделі сәулеткерлік туынды. Шеңбер ішінде ойып жасалған бейненің төменгі жағында ел аты " Қазақстан " деген жазу бар.
Ту - көгілдір түсті. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабының тұсында ұлттық өрнекпен нақышталған тік жолағы бар. Күн, қыран, жолақ бейнелері алтын түстес.

Әнұран - өздеріңе белгілі 2006 жылы қаңтар айында "Менің Қазақстаным" әні әнұран ретінде қабылданды. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнұран орындау.
Кеше 30 тамыз Конституция күні. Ата заңымыз қабылданғанына биыл 11 жыл болды. Ата заңда адамдардың, балалардың құқықтары туралы жазылған. Отан туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?
1-оқушы:
Біздің Отан келеді
Жақсылықты қорғантып
Алға өрлей береді
Болашаққа жол бастап
2-оқушы
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем
Ән " Отаным "
Сабақты қорыту: Бүгінгі сынып сағатымызда Республикамыздың тарихымен, ата заңымен таныстық. Осы елімізді, жерімізді, Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: менің, Қазақстан, Республикам
Просмотров: 182 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar