" Мерекеңмен,="" аяулы="" арулар"="" (ашық="" тәрбие="" сағаты)"=" - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

" Мерекеңмен,="" аяулы="" арулар"="" (ашық="" тәрбие="" сағаты)"="
24.09.2015, 10:35
Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау.
Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну.
Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер:нақыл сөздер ана туралы.
Кіріспе сөз:
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мерекеңмен, аяулы арулар». Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегіні жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да-бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны бай, нәрлене түседі.Әрине, аңаның да анасы бар. Халық: «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана», - дейді.

Баланың анаға деген жай махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп,сыйлау парыз. Әрине, мұндай қасиет іштен тумайды. Оны біртіндеп қалыптастыратын да ананың өзі,үйдегі басқа ересектер аға-іні, апа қарындас, ағайын,туыс, ата және т.б.Осы мәселеде аналардың өзгере де кейде қате жіберіп қояды. Мұның себептері де сан алуан. Мәселен,баланың жайын табам деп, «буынсыз жерге пышақ салып», жанын қинап, әр түрлі машақатқа түсетін аналар да жоқ емес.Балалар да аналарының бастан кешірген қайғы қасіретін жете түсіне бермейді, анаға деген құрмет, оған деген шексіз махаббат табиғи түрде қалыптасып, ыстық сезімге айналуға тиіс.Өйткені, адамгершілік қасиет адамда алдымен жүрекке, сезімге соқпай кетпейді.

Гүлмаржан:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Талғат:
Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ анам!

Гүлдана:Аналар мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтті.
Айдана: Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды.Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөз кестесіне назар аударайық
Төлеген:
Абай Құнанбаев: «Әйел сұлу болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме».
Ершат: К.Д:Ушинский «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілеті бар».
Мирамгүл: В.А. Сухамлинский: «Әйел затының ерлігі мен қажырлылығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін бітіретініне мен мың сан мәрте көз жеткіздім».
Дархан: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы-нанның алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя».
Мақал-мәтелдер
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.

Шығармашылық жұмыс
«Ана» деген сөзге оқушылар өз асоциацияларын жазу керек.
Мұғалім:
«Ананың ақ сүтін ақтау» деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай жүзеге асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам, өзі сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Анаға құрмет өмір бақи терең де, шексіз болуы керек.
Ана сыйламаған тас жүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен өмірде қатты соққы көреді.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай келе,адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз-АНА деп білеміз!!!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: арулар=, аяулы=, сағаты)=, (ашық=, тәрбие=, Мерекеңмен
Просмотров: 185 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar