Өмір - бұл не? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өмір - бұл не?
24.09.2015, 09:26
Тәрбие сағаты: «Өмір - бұл не?»
Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы білетіндерін, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру өмірдің ең маңызды «қымбат» сәттерін оқушылармен пікірлесе отырып талдау. Сонымен бірге өмір сүрудің қиын жақтарын шешуде өз күштеріне сене білуге, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету
Өтілу түрі: ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы қанатты сөздер, суреттер.

Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру;
ІІ қызығушылықты ояту.
Кіріспе сөз
Ойланайық, пікірлесейік, өнерді ортаға салайық
Жағдаяттар
«Мен өмірге ғашықпын» оқушы шығармашылығы
Жүректен – жүрекке
Қорытынды

Сынып сағатының барысы:
І ұйымдастыру;
Мұғалімінің кіріспе сөзі: ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған біздерді ойландырар мәселе бұл «Өмір деген не?» оның мәні неде? Осы мәселені шешу үшін біздер бүгін осы жерге жиналып отырмыз.
Біз бұл мәселені талдамас бұрын ортамыздан сарапшыларды сайлап алайық.
(Қатысып отырған мұғалімдердің ішінен сарапшыны сайлаймыз. Сарапшылардың міндеті сабақ барысында жақсы қатысып отырған оқушылардың жауаптары мен өзіндік көзқарастарына талдау жасап, соңынан марапаттау.)

ІІ Қызығушылықты ояту.
Өмір туралы қысқаша мәлімет, түсінік
Өмір қарапайым да, тегіс немесе жылтыр емес.
Өмір – бұл жалын, ендеше отта бір нәрсенің жануы тиіс.
Өмір – бұл жарық сәуле, ендеше біреуді соқыр қылар,
Өмір – бұл күрес, ендеше күресте біреу жеңуі тиіс.
Өмір. Бұл сөзде терең мән жатыр.
Өмір – бұл гүл бір маусымдық гүлдейтін
Өмір – бұл құс үш көктем ғана тіршілік ететін
Адам өмірі бұл ел тағдыры.

- Осы айтылған сөйлемде қандай сыр жатыр? Біз гүлсіз, құссыз тіршілік ете аламыз ба? Шынымен де өмір деген не? Өмір сүру деген не? Адамға өмір сүруге болады, ал сол тіршілік ету барысында өмірді елеусіз, сұрықсыз өткеретіндер де болады.
Ойланайықшы балалар, жақын арада сіздер ересектер сияқты өмірдің бір белестерімен араласасыз. Сол кезде сіздер өмірді қандай тәжірибемен алмастырасыздар? Отбасыңыздан алыста қалай өмір сүресіздер? Бұл сұрақты тек ата - аналар ғана қоймай, сіздерге тәлім - тәрбие беретін ұстаздарыңды да ойландырады. Сонымен «Өмір» - деген не? Осы сұраққа жауап іздеп көрейікші.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Өз ойларын ортаға салады.
Есенова Диана: Өмір, әр адамның өзінің тіршілік ету уақыты. Өмір – достар, ата - ана, қоршаған орта, тіршілік етіп отырған кезең. Қай кезде де өмірдің қиыншылығы мен қуанышы қатар жүреді. Сондықтан әр адам өз өмірін сәнді де, мәнді де етіп сүру қажет.

Ғалымова Ару: біріншіден өмір дегеніміз қала, ауыл немесе күллі адамзат баласына, бірінен – бірін бөліп жармай сыйға тартқан тіршілік кемесі.
Екіншіден бізді қоршаған орта, ұлтың, махаббат және достық.

Оқушыларға тапсырма
1. Үш қатарға үрілген үш шар беріледі. Осы шарды қолдарыңа ұстай отырып әркім өзінше іштей ойлайды және оны қағаз бетіне түсіреді.
Мұғалім сөзі: Мына үш шарды қазір үш қатарға беремін, сіздер осы шарды қолдарыңызға ұстаған кезде қандай сезімде боласыздар, ал ол сезімдеріңді сыртқа шығармай іштей ғана ойлайсыздар да қасыңыздағы көршілеріңе бересіздер. Ол да іштей ойланып келесі адамға береді. Соңынан алған адам шарды соңғы партаға немесе жерге қоясыздар. ((((

2. Өздерінің ойын ортаға шығып талдайды.
Оқушылардың пікірі:
Тлеулиева Альбина: Мен бұл шарды ұстаған кезе өзімнің бойымда бір күш пайда болғандай болды. Меніңше осы жерде отырған оқушылардың да бойында сондай сезім болған болар, бірақ әр кім өзінше ойлап, өзінше болжайды ғой.
Ибрагимов Жарқын: Мен бұл шарға қараған кезде, кәдімгі ерекшелігі жоқ шар деп. ойладым. Ал оны қолыма ұстаған кезде жанымдағы көршімнен бір жылудың шапағатын сезгендей болдым. Мүмкін іштей жақсы тілектер ойлаганнан соң ба, өзімде таң қалып отырмын.
Аманжолов Бақытжан: Мен бір мейірімділікті сезгендеймін.
Айталипова Гүлнар Керейқызы: Маған бұл шарды берген кезде, мен жылылық пен туыстық және рухани сезімде болдым. Сонымен бірге мына отырған оқушылардың ойын оқығандай сезімде және балалық шағымды есіме түсірдім.
Ғалымова Ару: Маған шарды берген кезде, мен көршімнің жүзінен бір жақсылықтың нышанын сездім.

Мұғалім: Ал мен сіздерге шарды бергенде мынадай оймен бердім: Бұл әр қайсымыздың өміріміз яғни сіздердің өмірлеріңді қолдарыңызға бердім. Сол кезде менің байқағаным, сіздер шарды сондай ептілікпен, нәзіктікпен ұстап көршілеріңізге беріп отырдыңыздар. Ендеше «Өмір» нәзік жіптей. Шар сияқты жарылып, ыдыс сияқты сынатын. (Рахмет)

Мұғалім: Балалар мен сіздерге мынадай шағын әңгіме оқып берейін. «Ертеде бір жас адам шалшық жолмен келе жатып, алтын теңге тауып алады. Еңкейіп көтеріп алған соң, әрі қарай алтын теңге іздеуге кіріседі. Ойлағанындай болып кейде оған алтын теңгелер табылып отырады. Өмір солай өз қарқынымен жүре береді. Жас адам еңкейіп, қарттық жеңіп, өмірінің соңғы сағаттары соққанда, артындағылар қарттан сұрайды «Өмір» деген не? Сіз оны білесіз бе? – дейді. Сонда қарт адам: «Өмір – бұл шалшық жол, бірақ кейде алтын теңге табылатын» - деп бұл өмірден өтеді»
Сұрақ:- Қалай ойлайсыздар, қарт бұл сөзбен не айтпақ болды?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Ыбыраева Айсұлу: Бұл жерде қарт өмірдің жақсы және қиын шақтары болатындығын. Кейде жолың болып, кейде жолыңның болмауын түсіндіргені деп ойлаймын.

Рысқалиева Нұршат: Қарт кісі өзінің артындағы ұрпағына өмірдің өзіндік қиыншылықтары бар екендігін екі ауыз сөзбен жеткізген ғұлама деп ойлаймын.
Оқушылардың өздері дайындаған жұмыстары ортаға салынады.
Плакаттағы суреттер сөйлейді.
Өзі жазып келген шығармасын оқу.
Әленова Марал өзі жазып келген шығармасын оқып шығып, өз қатарластарының сұрақтарына жауап берді.
Сиқырлы қобди не дейді?

Ғалымова Ару: Өзі дайындап келген қобдиының өзіндік құпияларын ашады.
Мұғалім: Біздің алдымызда «Өмір ағашы» бейнеленген. Ол өзінің тамырларын тереңге жайып, жайқалып өсіп тұр. Сондықтан оның бұтақтары көп және қатты желге төтеп берер берік діңі бар.

Тамыр – ол сіздің отбасыңыз. Сіздерге өмірдің негізін қалайтын, күш беретін. Бұтақ – ол сіздердің білімдеріңіз, өмір бойы жинайтын. Оның сонымен бірге жемісі болады, ол сіздердің жетістіктерің!
Мына үзіндіге құлақ түрелік: « Алла тағала адамды балшықтан жасағаннан кейін, оның қолында шағын ғана саздың бір түйірі қалады.
- Саған тағы нені жасайын? – деп сұрайды Алла адамнан
- Маған бақытты жасап берші - дейді адам Аллаға.
Алла адамға ештеңе айтпастан қалған түйірді адамның алақанына салады....»
Ендеше мен де сендердің қолдарыңа сондай түйірді саламын.(ол жасыл және қызыл алмалар өмір ағашының жемісі) ендеше бәріміз бірлесе отырып «Өмір» сөзіне түсінік берейік. Яғни, бізді бір сөзбен айтқанда адамды бақытты ететін.

Өмір ағашы: (Ер балаларға көк алама, ал қыз балаларға қызыл алма беріледі). Тақтадағы «Өмір ағашының» бір бөлігінде жасыл, ал екінші жағында қызыл алмалар ілінеді.
(Алмалардағы жазылған тілектер оқылады.)

Келесі тапсырма:
«Үшеу отырып жердегі қақ суға қарайды. Біреуі өзін көреді, екіншісі ай мен жұлдызды, ал үшіншісі батпаққа қарайды. Әр кімнің өз ойы, өз мақсаты бар, өз көзқарасы бар....»
Сондықтан бүгін сіздердің өмір ағаштарыңның бейнесі өзгеше болды. Бірақ адамдарды өмірде бір жол бар тоғыстырар, ол - БІЛІМ!
(Сарапшылар оқушылардың мәнді, мағыналы жауаптарына тоқталып баға беріп өтеді.)
Мұғалім:
Сұрашы сен өмірден, қай жолменен жүруге?
Мына әлемнің бұрышын, шарлап әлде кетсең бе?
Жарық берер күнге ме?
Бұл жолдың да торабы түсініксіз болады.
Сондықтан да сен достым.
Мейірімнің жолында, тура жүрші әрдайым!
Балалар сендердің өмірлерің өз қолыңызда, тағдырыңды шешуші де жалғыз өздерің!

Қорытынды: В. А. Сухомлинскийдің сөзімен аяқталады: «Сіздер адам арасында өмір сүресіздер. Сіздердің әр жасаған қылықтарың айналаңдағы адамдарға тарайды. Сондықтан сендер мынаны білуге тиіссіңдер, орындалатын және орындайтын әр нәрсенің өзіндік құны мен өзіндік шекарасы болады. Сіздердің қалауларыңыз – бұл жақыныңның қуанышы мен көз жасы. Сондықтан өзіңнің әр қадамың мен қалауың айналаңдағы адамдарға тек қуаныш пен шаттық және сәттілік әкелуі тиіс...…»
Мұғалімнің қорытындысы: Балалар және келген қонақтар мен де сіздердің өмірлеріңізге тек қуаныш пен шаттық және сәттілік әкелуіне тілектеспін!
3. Рефлексия.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Өмір, не?, Бұл
Просмотров: 238 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar