Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
24.09.2015, 12:47
Сыныбы: 11 сынып
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз (презентациясымен)

Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Өтілу түрі: Ойталқы.
Көрнекіліктер: өмір туралы өлең шумақтары.(слайд беттерінде)

Тәрбие сағатының жүрісі:
1.«Мен өзімді.... таныстырғым келеді»
Оқушылар өздерінің атына сын есім немесе зат есім қосып таныстыруы керек.
Мысалы: «Мен жаңашыл Жамилямын»... Мен суретші Сайынмын... т. б
2. Оқушыларға түрлі - түсті қағаздардан жасалған фигура беріледі.
Сол берілген фигуралар бойынша оқушыларды топқа отырғызу.
1. қызыл (үшбұрыш)
2. жасыл (төрт бұрыш)

3. Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бәріміз мұқият бейнебаянды тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Оқушылар бейнебаянда не көрдіңдер? Қандай тақырыпқа жазылған?
4. Сұрақтарға өз пікіріңді білдір.
Өмір дегеніміз не?
Өмір қаншалықты қызық?
Өмір мәні неде?
Өмір несімен қымбат?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен, көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді күтемін.
Әр топта отырған оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын ашады.

5. Топтас, ойлан, талқыла.
Постер қорғау
1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.

6. Қорытынды:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен аяқтайық.

Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдың?
Стиктерге жазып тілек білдіріп, тақтадағы смайликтерге жабыстырайық.

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: онда, демеңіз, жүзем, жасалмаса, Өмір, кемеңіз., Ізгіліктен, Теңіз
Просмотров: 193 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar