Өмір, қымбатсың сен маған! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өмір, қымбатсың сен маған!
24.09.2015, 08:42
Тақырыбы: Өмір, қымбатсың сен маған!
Ашық тәрбие сағатының мақсаты: 1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Бір - бірімен қарым - қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағатының міндеті:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Ашық тәрбие сағатының әдісі: аралас
Ашық тәрбие сағатының көрнекі құралдары: гүлдер, нақыл сөздер, слайд.

Ашық тәрбие сағатының барысы:
(аудиоролик. М. Мақатаевтың өз оқуындағы өмір жайлы өлеңі ойналып тұрады)
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар! Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолдарын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Ш. Құдайбердіұлы атамыз:
Дүние қу,
Бір ағын су,
Түстік онда көп болып.
Күнде ағамыз,
Сандаламыз,
Бейнетіміз көп болып.
Кейде тасқа,
Кейде ағашқа,
Соқтығамыз дөп келіп, - дейді. Демек өмірде өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған ортаны танып - біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат - мұратымызға қол жеткізе аламыз. Ендеше, осы мақсатта ұйымдастырылып отырған «Өмір, қымбатсың сен маған!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1.«Өмір – күрес, бақыт – күресте» (И. А. Гончаров)
«Өмір - күрес, бақыт - күресте» деп ойшыл И. А. Гончаров айтқандай, балалар өмір дегенде көз алдарыңа не келеді?

«Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, артқы жағы – мұңға жуық» (Абай) (сұрақ - жауап, өз ойларын білдіру, танымдық минуты)
а) Өмірдің мәні неде немесе өмірді мәнді етіп сүру үшін не істеу керек?
ә) Адам өмірі үшін не қымбат? (денсаулық, ата - ана, білім, т. б.)
б) Жақсы өмір сүру үшін кедергі келтіретін не деп ойлайсың? (жаман әдеттер, жаман мінез, зиянды әдеттер, қылмыс жасау, т. б.)
в) Өмір туралы ойшылдар не дейді? (қазақ, шет тілі әдебиеттері ойшылдарының өмір жайлы сөздерін талдау, пікір білдіру) мысалы:
Ілияс Есенберлин мен Баубек Бұлқышевтың өмір туралы толғанысын оқу. Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырманы топпен бірлесіп, өз ойларын пайымдау.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қымбатсың, маған!, Сен, Өмір
Просмотров: 359 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar