Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты)
24.09.2015, 13:47
Тақырыбы: Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты)
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Барысы
І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тренинг. «Сенің жақсы қасиетің»
Бір-бірімізге тек қана жақсы қасиеттерімізді айтайық. Шарты: бір сөз екінші қайталанбауы тиіс.
Мысалы:- Айжан, сен әдемісің
- Рахмет. Айдос, сен өнерлісің. т. с. с.

2. Тақырыпқа кіріспе.
Слайдпен Абайдың бір шумақ өлеңі көрсетіледі, дыбыспен оқылады.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
(А Құнанбаев)

3. Сұрақ-жауап.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр? Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғаймыз деп ойлайсыңдар? Әрине, біз мамандықтар туралы сөз қозғаймыз.
Тақырыбы: «Өмірден өз орныңды таба біл!» деп аталады.
Сабағымыздың мақсаты: мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білу; қоғамға деген азаматтық позиция қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестер дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
(Дәптерлеріне күн реті мен тақырыпты жаздыру)

4. Мұғалім: Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.
Мамандық – бұл кәсіби одақ, яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Оқушы жауабы. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%- ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Қазақстанда осы мамандықтардың 300-ге жуық түрі кездеседі. Біздің өз ауылымыздың өзінде 50-ге жуық түрі кездесетінін зерттедім.
Мұғалім: «Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат. Іштен туғаннан-ақ, белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсе – талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады. Біреуі бала оқытуға, біреуі әкім болуға, біреуі дәрігерлікке берілуге, біреуі саудаға, біреуі сөзге ыңғайланып жаралады. Кейде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына, әлеуметке де көп пайда келтірмек»- деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Презентацияны жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: (тәрбие, таба, Өмірден, орныңды, сағаты), өз, біл!
Просмотров: 293 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar