Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
24.09.2015, 10:45
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтелдер, жұмбақтар.

Жоспары:
• Ойынды ашу
• Ойыншыларды таныстыру
• Әділқазылармен таныстыру
• Ойын тәртібін түсіндіру
• Мақалшылар сайысы I айналым
• Көрермендермен ойын(Мақал - мәтелден айтыс)
• Жұмбақшылар сайысы II айналым
• Көрермендермен ойын (Жұмбақ шешу)
• Мақалшы, жұмбақшы сайысы III айналым
• Керекті санды қойып, мақалды жалғастыру
• Ән шашу
• Қорытынды

I Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы ұландар. Бүгін
7 сынып оқушыларының аралығында өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Мақал айтып көрейік демекші бүгінгі сайыстың I айналымында мақал айту сайысы. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың I айналымына қатысатын мақалшыларды шақырайық.
Мақалшыларымыз өздерін таныстырып өтсін!

Ойынды бастамас бұрын мен сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын әділқазылармен таныстырып өтейін.
I айналым 2 тапсырмадан тұрады.
1 - тапсырмада мақалдың алғашқы жолын жүргізуші оқиды, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса, көрермен жалғастырады.

Әр ойыншыда белгі болады. Сол белгіні көтеру арқылы берілген тапсырмаларға
кезегімен жауап береді.

2 - тапсырмада екі ойыншы қалып, ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады. Ұпай саны аз ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақалды айтады.

Мысалы: Отан - елдің анасы Отанды сүю отбасынан басталады.
Ел - ердің анасы

Тапсырмалар түсінікті болса, сайысты бастайық.
I тапсырма:
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жұмбақ, мақал, Мың, жүз, бір
Просмотров: 189 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar