Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары)
24.09.2015, 13:32
Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары)
Мақсаты:
1. Оқушылардың мақал – мәтелдерге, жұмбақтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды көптеп білуге, шапшаңдыққа баулу.
2. «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы шәкірттерді адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Өтілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сайысқа қатысушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалімдерден әділ қазылар сайланады.
Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Біздің «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайыс ойынымызға қош келдіңіздер!
Бұл сайысқа 5 - 7 - сынып оқушыларынан құрылған үш топ қатысады:
1. «Сұңқар» тобы. 2. «Барыс» тобы. 3. «Қыран» тобы.
Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек.
Мақал - мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы, ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым - қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1 - тур: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2 - тур: «Мақал – сөздің мәйегі» (тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1. Туған жердей жер болмас,...(туған елдей ел болмас)
2. Отан үшін отқа түс,...(күймейсің)
3. Отанды сүю... (отбасынан басталады)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ,...(білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді...(ғалымның хаты өлмейді)
6. Еңбек етсең ерінбей,...(тояды қарның тіленбей)
7. Көп түкірсе,...(көл)
8. Еріншек егіншіден,...(елгезек масақшы озыпты)
9. Жылай - жылай арық қазсаң,...(күле - күле су ішерсің)
10. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,...(егін екпесең, жерге өкпелеме)
11. Ердің атын,...(еңбек шығарар)
12. Отан үшін күрес -...(елге тиген үлес)
13. Жеті жұрттың тілін біл,... (жеті түрлі білім біл)
14. Оқусыз білім жоқ,.... (білімсіз күнің жоқ)
15. Көре - көре көсем боласың,.... (сөйлей - сөйлей шешен боласың)
16. Өнер алды -.... (қызыл тіл)
17. Мектеп – кеме,... (білім теңіз)
18. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)

3 - тур. «Кім тапқыр?!» Жұмбақтар шешу жарысы.
1. Қардай аппақ,
Балдай тәтті - ақ (қант)
2. Күнде оған қараймын,
Қарап шашымды тараймын. (айна)
3. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді. (хат)
4. Шыр - шыр етеді, Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң, Сөйлеп кетеді. (телефон)
5. Айналада ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
6. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (кітап)
7. Өшірді, сүртті, Өзгені құртты,
Өзін де құртты. (өшіргіш)
8. Үйреткен білімді
Қырық екі ілімді. (алфавит)
9. Бір үйде тұрады елу батыр,
Үй сыртына шықса, өліп жатыр (сіріңке)

4 – тур: «Ойлан, тап»
- Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.
Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

1. Жұмбақ: Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау. (Түйе)
Мақал: Көрмес түйені де көрмес.

2. Жұмбақ: Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (Қар)
Мақал: Қалауын тапса қар жанар.

3. Жұмбақ: Желден желігеді
Судан шегінеді. (От)
Мақал: Отан оттан да ыстық.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: оқушылармен, жұмбақ, мақал, Мың, төмен, өткізілген, жүз, (қабілеті, бір
Просмотров: 197 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar