Ұмытпайық ата - баба дәстүрін - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
24.09.2015, 12:42
«Ұмытпайық ата - баба дәстүрін» (сыныпаралық наурыз мерекесі)

Мақсаты: Ұмытылып бара жатқан салт - дәстүрлерді дәріптеу.
Жүргізуші: Уа, халайық, құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең,
Наурыз тойы тойланбақшы мектепте,
Қош келіпсіз, мерекені тамашалап көруге!
Құрметті: Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын!
«Ұмытпайық, ата - баба дәстүрін» атты наурыз мерекесін ашық деп жариялаймыз.
Наурыз тойды қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Бейбітшілік тойы деп
Қол соғады барша жұрт.
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен салтымыз - ендеше ұмыт қалған салт - дәстүрімізді қайта жаңғыртайық.
Қазақтың дәстүрі бар өнер деген,
Өнерді үйреніп өт жиренбе сен.
Деген сөз ата - баба дәстүрінің,
Жүн түтіп ұршықты да үйрен деген - ұмыт қалған дәстүріміздің бірі жүн
түтіп, ұршық иіру дәстүрі.
Сынып жетекшісі: А. Сүйесінова 3 - сынып

Біз ақылды баламыз,
Шырақ болып жанамыз,
Өзімізге қажетті,
Атадан бата аламыз. «Бата беру» дәстүрінен көрініс.
Сынып жетекшісі: Ш. Есмұханова. 4 - сынып
Құй ыстық су үстіне
Қара киіз пісті ме?
Піссе жылдам алайық та
Жерге төсей салайық - «Киіз басу» биі
Сынып жетекшісі: Г. Ибағалиева 5ә - сынып
Кең әлемге аты аңыз
Шығанақтай атамыз
Жалғап ата - дәстүрін
Сан биіктен асамыз – дей келе әлемге аты аңыз болған Шығанақ атамыздың тарысының қайнатылу дәстүрінен көрініс көрсету.
Сынып жетекшісі: А. Құлекешова 5а сынып
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Болашаққа жол ашар
Тойымыз бар «Тілашар» тойы.
Сын жет: М. Сапарғалиева. 7ә сынып.
Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен
Қазақтың ұмыт қалған салт – дәстүрін
Барша жұрт қаншалықты біледі екен.
«Ерулік беру» Сын жет: Ш. Каменова. 6 сынып.
Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз
Саятшылық өнері
Құсбегілік салтымыз. «Саятшылық өнер»

Сын жет: Р. Абдрахманова. 7а сынып
Айтамыз жарапазан ауылыңа
Береке, бірлік берсін қауымыңа
Береке, бірлік берсе қауымыңа
Бас имес кімдер келіп ауылыңа.
«Жарапазан айту» Сын жет: Ж. Балапашева. 1 сынып.
Жылдың басы – наурыз
Жырдың басы – наурыз
Наурызға жыр арнап
Айтысайық бәріміз. «Айтыс өнері»

Сынып жет: С. Абдрахманова
Біз ақылды баламыз
Шырақ болып жанамыз
Байғазы, шүйінші сұрап
Кәдемізді аламыз. «Байғазы», «Сүйінші» сұрау.

Сынып жет: Ж. Мұхтарова.
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Тойға келген қауымнан
Той кәдесін алайық. «Кәде сұрау»
Сын жет: Г. Жұмабекова. 8 сынып.

Жүргізуші: Әркез салт – дәстүрімізді ұмытпайық. «Ұмытпайық, ата – баба дәстүрін» атты наурыз мерекесі аяқталды.
Сау саламатта болыңыздар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ұмытпайық, ата, дәстүрін, баба
Просмотров: 233 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar