Ән падишасы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Ән падишасы
24.09.2015, 13:43
Сабақтың тақырыбы: «Ән падишасы» Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Өз Отанын шексіз сүйетін жастарды тәрбиелеу, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтуға баулу. Қазақстанды өркендетуге білімді адамдардың керек екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі: Шәмші Қалдаяқовтың суреті, буклеттер, кітаптар, қанатты сөздер, газет – журналдар, музыкалық аспаптар.
Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңін өткізу:
Оқушыларды екі топқа бөлу.
Кіріспе сөз:
Құрметті қонақтар! Қадірлі оқушылар «Ән падишасы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтілмек. Сайыс шарттары:

1. Үй тапсырмасы.
І топ: Ш. Қалдаяқовтың өмірі мен қызметі туралы.
ІІ. Ш. Қалдаяқовтың әндерінің шығу тарихы.
2. Көрініс: Ш. Қалдаяқовтың өмірінен.
3. Ән айту.
4. Ш. Қалдаяқовқа арналған ақындар жырлары.

І топ:
1 – оқушы: 1930 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жеріндегі Отырар деген ауылда қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері, ақын, ағаштан түйін түйетін ұста, зергер Қалдаяқ пен ойын – тойда құйқылжыта ән салатын Сақыпжамалдың отбасында ХХ ғасырда қазақ әнінің ажарына ашық шырай кіргізіп, оның өрісін әлем көгіне шығарған ән феномені Ш. Қалдаяқов дүниеге келді.
2 – оқушы: Шәмші мектеп бітіргеннен кейін Тошкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін бітіреді. Алматыдағы арман болған консерваторияға 25 жасқа толғанда ғана келеді. Әнші Жамал Омарова апайы Шәмшіні консерватория ректоры Құдыз Қожамияровтың алдына әкеліп «Қазақтың болашақ композиторын алып келдім» деп таныстырған екен.
3 – оқушы: Ән өмірінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Ш. Қалдаяқұлы – күллі қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да 40 жыл бойы біздің аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері шырқалды.

ІІ топ:
1 – оқушы: «Ән де адам секілді өз тағдырымен туады.» деген сөз рас. Шәмшінің 300 – ге жуық әр әннің өзінің туу тарихы бар. Шәмші композитор атанып атағы шыққан кезде анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырады. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдан Шәмшіні шақыртты.
- Балам, мен өмірден ерте кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай маған бұйыртпады. Тағдыр солай қайтейін. Бір тілеуім сен аман бол. Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін. Бақытты бол, балам.
Анасының ақ лебізін естіген Шәмші өзін сәбидей сезінді. Ойланып қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, осы сәтте Шәмші ерекше толқыды. Сонда ол былай деді:
- Ана, мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің ең асылын, ең нәзігін арнап жазамын, ол ешқашан ұмытылмайды. Сөйтіп өмірге «Ана туралы жыр» әуені келді.
2 – оқушы: Шәмші Қалдаяқов «Мен ажарлы әйел көрсем болды, сол сәтте күйіп – жанып махаббат отына түсетін едім. Кейде бұл ісіме күйініп «Менде махаббат жоқ» деп ойлайтынмын. Менде шын махаббат бар екенін маған тұңғыш рет жалтартпай айтқан сол бір көркем қыз болатын. Оның «Сен ғашық адамсың. Сен бар дүниеге, анау Алатауға, сылдырлап аққан суға, мөлдіреген аспанға, бүкіл адамзатқа ғашықсың. Әйтпесе сен ән шығара алмас едің» дегені есімнен кетпейді» деген бір естелігінде.
3 – оқушы: Шәмші өз әндерінің қалай жазылғанын айтып жүретін. «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Ақ бантик», «Дүнген қызы», «Сыған серенадасы» сияқты әндері сұлу қыздарға арналған.
4 – оқушы: Адамдар жүрегінен орын тапқан әуеннің қашанда өмірі ұзақ. Шәмші ағаның әндері Республикамыздың қай өңірінде болса да ән сүйер қауым арасында кең тараған. Оның әндерінің негізгі тақырыбы Отанды сүюге, еңбек адамына, жастарға, мектеп жасындағы жастар мен бүлдіршіндерге арналған.
Көрініс:
І топ: «Шәмшінің өмірге келуі»
ІІ топ: «Менің Қазақстаным» әнін журналға жаздыруға алып бару.
Ән айту:
І топ: «Ақ бантик» әні. Орындаушы: Серікбай Айтуған.
ІІ топ: «Ана туралы жыр» Орындаушы: Әлім Ақерке.
Ш. Қалдаяқовқа арналған ақындар жырлары.
І топ: М. Мақатаев «Шәмілге». Оқитын: Жақасай Арайлым.
ІІ топ: М. Шаханов «Ән аға» Орындаған: Теңізбай Нұрбақыт.
Қорытындылау:
Топтардың өнеріне баға беру.
Мұғалім: Шәмші әндерінің қай ұрпаққа да берері мол. Тек оны жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік. Асқақтаған әуені әнұранға айналған «Менің Қазақстаным» әнін бәріміз бірге орындайық.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: падишасы, ән
Просмотров: 153 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar