Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
24.09.2015, 08:38
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар.

Жүрісі:
1. Наурыз – думан.
2. Наурыз – жыл басы
3. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
4. Наурыздағы салт – дәстүрлер
5. Ата – салтың – қазынаң.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелік тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
І. Наурыз – думан
1 Уа, жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
2. Аманбысың ардақты халқым менің
Ардақта Наурыз тойын салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!
Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе - теңің.

3. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн - көктем.
Жарығымен, шуағымен күн - ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
Қош келдің, Науырызым ардақты
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып
Гүлге бөлеп, жырға бөлеп аймақты.

4. Қиыры жоқ менің байтақ далама
Әсем, көркем ауылыма, қалама
Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді
Сырлы әніне құлақ түрмей болама?
Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз
Үй – дастархан, даламыз – сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.

Би: «» - орындайтын сынып оқушылары.

ІІ. Наурыз – жыл басы
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның
Көзелсін бұлақ жылғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз – жыл басы! – дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ.

5. Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.

ІІІ. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі
Жүргізуші: Бізге қазақ халқының Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі мәлім, ал өзге елдердікі ше? Олар да біз сияқты бұл мейрамға аса назар аударып, ерекше көңіл бөле ме екен? Қане, бір сәт зер салайық.
Түрік елі: Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге – «жамбы» атып жарысады. Егер кімде - кім жамбыны бірінші боп атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болуға, ел билеуге ерік беріледі.
Араб елі: Арабтар мейрам салтын өзгертіп, бас әрпі «ай» сөзінің басқы әріпі –«синнен» басталатын мүлде бөлек өзге жеті затпен алмастырады: сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.
Үнді елі: Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.
Наурыз мейрамын әр ел түрліше атаған.
Наурыз мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.

Би: «» - орындайтын------------------

IV. Наурыздағы салт – дәстүрлер
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт - дәстүрлерге берсек …

Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік. Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын - сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т. с. с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Ән: «Қазақы дастарханым» - орындайтын

V Ата – салтың – қазынам
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы - қарта т. б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т. б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)

1 – жүргізуші: Ендігі кезекте өнер көрсеткен оқушыларға үлкендерден наурыз бата сұраймыз. Қазим ата балаларыңызға батаңызды беріп жіберіңіз!
Наурыз бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

2 – жүргізуші: Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: күні!, себеле, Нұр, Ұлыстың, Ұлы
Просмотров: 213 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar