Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
24.09.2015, 09:41
Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!»
(мерекелік кештің сценарийі)

жүргізуші:
О, жараңдар, жараңдар
Бәрін мұнда қараңдар
Наурыз тойы басталды
Текке қарап тұрмаңдар
жүргізуші:
Әулесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын.
Мерекеден қалмаңдар
жүргізуші:
О, жараңдар, жарандар,
Тамашадан қалмаңдар.
құсқанаты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар
жүргізуші:
Оятып жүргізуші: шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарда
Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.
жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, барша халық
Қартқа құрмет сыйлайық жасқа шабыт
Салты солай наурыздың,
Ей, адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық
жүргізуші:
Көктем сыйы арда емген Ана-Күні,
Дүбірлесін думаннан дала гүлі.
Алты солай Наурыздың,
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды
жүргізуші:
Құрметті қалайық!Наурыз мерекесін арналған жиынымызға қош келдіңіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын.
Айжан:Наурыз ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі.
Бұл күні алдағы күндерге арналып, ізгі ой, арман-мақсаты айтылып, тілектер тіленген.
Айтуған:Ау, достым, тоқтай тұр «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегенен без»демекші алдымен үлкендерге сөз берейік

Ендеше: Бастаса - елдің көсемі,
Сөйлесе - сөздің шешені
Ақылы асқан абыздай
Бар түйінді шешенді-дей келе мектеп директоы Мәмбетов Әлшер ағайға сөз кезегін береміз.
жүргізуші:
Шашу шашу шашайық,
Ән думанға басайық.
Наурыз келді далама
Жаңа жыл келді ауылыма.
Нүрбеді Гүлжанның орындауында «Шақырады көктем»
жүргізуші:
Бүгін шаттық, бүгін той
Жаңғырған дәстүр жарқын ой
Қыздырған наурыз мейрамы
Жиналған жастар сауық қой.
Болатбек Кенжебектің орындауында «Үкілі қыз»
Көрініс:
«Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін»-деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, әрі ырым, тұсау кесер көрінісін тамашалаңыздар.
жүргізуші: Жиналған мына халықа
Жыр маржанын шашайық
Батсын алып қарттардың
Наурыз көже беру рәсімін жасайық

Жанділда Гүлдананың орындауында «Қазақы дастарқан» әні
жүргізуші:
Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,
Сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер.
Салты солай наурыздың ей, адамдар,
Аталардан ақ бата тілеңіздер.
жүргізуші:
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын
Әз Наурыз келіп еліме
Жер-Ана бойы балқысын
Жаңғырар дәстүр-салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз-жыл басы!-дей келе Нұрмағанбет Әлібидің орындауында «Жаса Қазақстан»
Сәулесіндей көрініп таңғы үміттің,
Басын қостық-Наурыз тойы
Жаса, Наурыз, жарқыра көкте күндей
Мерекесі достықтың, мәңгіліктің - деп
жүргізуші:
Дастархан халқымның толы берсін,
Бақыт құсы басына қона берсін.
Ұлы тойдың төресі –Наурыз тойы
Жаңа жылды құт тасы бола берсін.

Әр шаңырақ қуанышқа бөлініп, бақытты балалық, құдіретті даналық жайсаң, дей келе «Нұр себелеп, Ұлыстың Ұлы күні»атты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін тәрбие ісінің орынбасары Карчалова Бақытжан апайға сөз береміз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: күні!, Нұр, Ұыстың, себеле, Ұлы
Просмотров: 163 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar