Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
24.09.2015, 12:40
Сабақтың тақырыбы: Н. Ә. Назарбаев – ұлт лидері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президент Н. Ә. Назарбаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында сабақ мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерін салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын арттыру
Тәрбиелік: Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп, толеранттылыққа бейімдеу. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

а) Ұлттық тәрбие беру
ә) Саяси тәрбие беру
б) Патриотизмге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, пікір алысу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ Р картасы Электронды оқулық, слайдтар
Пәнаралық байланыс: Адам және қоғам, география, әдебиет, саясаттану.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қызығушылығын оятатын сұрақтар беру
ХХI - ғасыр - білім ғасыры біздің алға қоған мақсатымыз - өткенімізді білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат, азаматшалар болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

Жаңа сабақ
І. Ой шақыру стратегиясы.
Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға – алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда бұл мерекенің шығу тарихына тоқталын болсақ, былтыр ел Парламенті 1991 ж 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі? Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт - бағдар берген тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан - теңіз.
Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі Президенті Н. Ә. Назарбаев – тек қана біздің ел ғана емес, әлем таныған саяси тұлға. Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Ұлт, Назарбаев, лидері, Нұрсұлтан
Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar