Нашақорлыққа жол бермейік! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Нашақорлыққа жол бермейік!
24.09.2015, 11:11
Нашақорлыққа жол бермейік!
Сабақ мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру.
Адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.

Нашақорлық дегеніміз не?
● Нашақорлық - заманымыздың дауасыз індеті.
● Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.
● Нашақорлық – психикалық ауру.

Жастар арасында есірткі пайдалану етек алып бара жатыр.

Наркоман - “нарке” деген грек сөзінен шыққан.
“Тығын”, “қозғалыссыз”, “ес ауысу” деген мағына береді.
Есірткі заттар адам ағзасының ең кішкентай бөлшегі биомембраналарға әсер етеді.
● Биомембраналар сұйық кристалл түрінде өмір сүреді.
● Есірткі заттар оларға әсер етіп, жасушалардың өлуіне әкеп соқтырады.
● Жасушаның өлгені бүкіл ағзаның өлгені болып табылады.

Есірткіні ермек үшін пайдаланып көргісі келгендер азап торына қалай түсіп қалғанын өзі де білмей қалады.
Нашақорлар – ауру адамдар, олар есірткі заттар үшін түрлі қылмыстар жасайды.
Есірткі зат нашақордың барлық ақыл - ойын билеп алады.
●“Ұрла, өлтір, алда, әйтеуір мені қолға түсір, әйтпесе мен сенің жаныңды қинаймын” – деп жанын қысқанда, ол өзінің не істеп қойғанын білмейді.
● Сондай кезде өзінің туған ата - анасын да құрбан етіп, есірткінің әмірін орындайды.

Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бермейік!, Жол, Нашақорлыққа
Просмотров: 199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar