Насыбай ату – зиянды - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Насыбай ату – зиянды
24.09.2015, 14:39
Ақтөбе қаласындағы
№33 қазақ орта мектебінің
химия – биология пәндерінің мұғалімі Жумина Г.Н
Насыбай ату – зиянды

«Бала – біздің болашағымыз» - деп халық даналығы айтқан. Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың денсаулығына байланысты.
Сондықтан да дәрігерлер, ұстаздар, жалпы жұртшылық болып жастардың, әсіресе, жасөспірімдердің, залалды дағдыдан аулақ болуы үшін аянбай жұмыс жасайық. Зиянды әдеттің жиіркенішті жағын, ағзаға зиянды әсерін жете әрі толық айтып түсіндірейік. Сонда ғана «Жаңылыспайтын жан – жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» - демекші, бір сәттік алдамшы қызықтың жетегіне кеткен, жасөспірімдер өз ерік – күштерімен бері қарай, түзу әрі тура жолға түседі деген ойдамын.

Ертеректе үлкен бір ауылда насыбай ататын бірлі-жарым ғана қария адам болушы еді. Сол қарияның насыбайы таусылып қалса, ерте тұрып, атқа мініп, көрші үлкен ауылға жолға шығатын.
Ал қазір болса насыбай атушылардың саны көбейіп, өздері тым жасарып кетті. Насыбай ататын әжелеріміз де көп.

Насыбай да темекі мен есірткі сияқты бір бастасаң қоя алмайсың. Соған әуес болып, психикалық тәуелді болып шыға келесің.
Насыбай атқан адамдар бір көргенде елітіп, ақ жарқын, әңгімешіл болып көрінеді. Көтеріңкі көңіл – күй жарты сағатқа созылады.

Екі – үш ай өткеннен кейін насыбай ату мерзімі (уақыты) жиілей береді. Күніне 8 – 10 ретке дейін насыбай атады. Насыбайға тәуелді болып, ауызға ұстау мерзімі де ұзарады.
Насыбайға басыбайлы (толық) құл болған адамның жұмыс қабілеті төмендеп, сәл нәрсеге ренжіп, болмашы затқа ашуланып, ұрысқақ болып алады.

Ылғи да насыбай атқысы келіп, өзінің негізгі жұмысына, оқуына деген ынта – ықыласы нашар болады. Насыбай бітіп қалса, сол насыбай қайта табылып ауызға түскенше басы ауырып, көңіл – күйі болмайды. Жүрегі соғып, әлсізденеді, ұйықтайын десе ұйқысы келмейді. Тамаққа тәбеті болмайды. Айналасындағы жанұядағы адамдардың сөзін көтермей, ызақор болады.

Онколог дәрігердің айтуынша насыбайлы үзбей, он жылдан аса уақыт атқан адамдардың ауызында қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігі бар. Ауыз сілекейімен ішке кеткен 3-4 грамм насыбай ит пен мысықты өлтіреді екен. Ал содан кейін ағзасы әлі толық жетілмеген жасөспірімдер үшін «насыбайдың» қаншалықты зиян әрі қауіпті екенін ойлай беріңіз.
Әсіресе, біздер, мұғалімдер жасөспірімді зиянды әдеттерден арылту үшін мектепте, балалар үйінде, мектеп интернатта үзбей насихат жұмысын жүргізуіміз керек. Қиын бала – қиын ата-анадан шығады. Сондықтан алдымен ата-аналармен әңгіме, жиналыс өткізіп тұруымыз керек деп ойлаймын.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Насыбай, Зиянды, ату
Просмотров: 206 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar