Наурыз айы туғанда - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Наурыз айы туғанда
24.09.2015, 10:24
Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі наурыз көже туралы түсінік беріп, өнерлерін көпшілік алдында көрсетуге үйрету. Адамгершілікке, сыпайылыққа, бірін - сыйлауға көмектесуге, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд.
Барысы:
1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсаң мереке
Болсын думан береке.
2 - жүргізуші:
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендерің сау; мықты болсын!
Аман есен болайық;
Баршаңызға тілерім осы халайық!
1- жүргізуші:
Еліміздің несібесі көп болсын,
Сиыр желіні толатұғын сүт болсын.
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
2 - жүргізуші:
Құт болып азат күн – Наурызы,
Шырқалсын қазақтың ән – жыры.
Жасына жас қосып баланың,
Алақай келді Жаңа жыл.
Әже киімін киген қыз шашу шашады.
Әже:
Наурыз - көктем тойымыз:
Той дәмі мол: тойыңыз!
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз!
Той жасап ел енді
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!
1 - жүргізуші: Көп жасаңыз әже.
2 - жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
1 - жүргізуші:
Наурыз тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірін танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән - салтанат, ұлттық рух,
Бақытты наурызы бар халқым неткен!
2 - жүргізуші:
Естиміз жыр мен сазды,
Қарамай мол мен азыңа.
Өн бойы шаттық, ән мен күй,
Наурызым ұлттық қазына!
1 - жүргізуші:
Жүріңіздер наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен - саяқ.
Ән айтылсын,
Би биленсін қауым болып,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп:

2-жүргізуші: Уа, қадірменді халайық! Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Біздер Наурыз мейрамы туралы деректер жинап едік. Көп құрбыларымыз Науырыз
тарихы туралы үстірт білетінге ұқсайды, сол себептен мейрамымыздың тарихына бойлау үшін бұрынғы ғасырлар үлгісіне шегініс жасағымыз келіп тұр.
1- жүргізуші: Иә, біздің де білмейтініміз көп екен. Наурыз сөзінің түп төркіні иран тілінде жатқанын бұрын кім білген. Ноу деген – жаңа, руз – күн деген мағынаны білдіріп, жылдың жаңа күнін айғақтап тұр. Ал, қазақ тілінде «наурыз» жыл басында тойланатын мейрам болса, екіншіден ай және ұлыс күнгі пісірілетін көженің аты
2 -жүргізуші: Наурыз мейрам өзге халықтардың да дәстүрінде бар екен. Ал, ежелгі түркілердің дәстүрі тіптен қызық. Ұлыс күндері барша ер азаматтар бойларын түзеп, жаңа киімдерін киіп, алты күн садақ атып машықтанады. Жетінші күні бәрі жиылып жамбы атады. Көз мергені, қол мергені бар бәрі атып, қай тигізгені сол күні елге хан болып, билігін жүргізуге еркі беріліпті.
1- жүргізуші: Түбі бір түркі халқы – Иранды арабтар жаулап алғанға дейін Наурыз күні күн сөзінің бас әрпі «шин» - мен басталатын жеті затты дастарханға қояды екен. Сол үрдіс әлі күнге дейін бұзылған жоқ. Бұл күндері
республикамызда жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдері мақтайтын наурыз көжеміз де жеті қасиетті тағамнан дайындалады емес пе...
2 -жүргізуші: Халқымыздың айтуынша, 21 - наурыз түні даланы Қызыр ата аралайды екен. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял – ғажайып адам.
Осы кезде сырттан Қызыр баба кіреді
Қызыр баба:
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар:
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рахатын тапты жан.
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам – бұл:
Қарсы алайық, тұрыңдар!
Бәрі орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан жаңа күн – Наурызды қарсы алады...
Наурыз:
Сәлем, ата – аналар!
Айналайын, балалар!
Қызыр баба, аман ба?.
Қызыр баба:
Қош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның
Құтты болсын қадамың!
Көрермендер қол соғады Наурыз бас иеді.
Наурыз:
Ашық болса күніміз,
Ашылады нұрымыз:
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл – гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді.
Сүтті болсын малымыз!

Қызыр баба: Көп рахмет, Наурыз қызым!

Қызыр баба: Ал, енді мен осы тойға деген өзімнің батамды берейін
Ал тыңдаңдар батамды:
Ардақтаңдар атаны!
Ананың сүтін ақтаңдар
Арларыңды сақтаңдар!
Кең пейіл, дарқан халқымыз,
Кеңейді дәстүр салтымыз:
Дәстүрін елдің сыйлаңдар!
Дәстүрлі салтты тойлаңдар!
Орындалсын ойларың,
Тойға ұлассын тойларың!
Әумин!!!
Наурыз Қызыр баба! Мың жасаңыз. Сізге көп рахмет! Ал енді жиналған қауым біздер рұқсат болса үлкен сапарымызды басқа ауылдарда жалғастырмақпыз. Сау, болыңыздар!
1 - жүргізуші: Олай болса біз тойымызды ауылдарды аралап, қандай қызықтар болып жатқанын бірге тамашалайық
Осы кезде сырттан Қожанасыр мен Алдар Көсе келеді
Алдар Көсе: Уа, халайық армысың! Осы жақтағы ауылдар наурыз тойын дүркіретіп тойлатпақшы дегенді естіп Қожекең екеуміздің жеткен бетіміз осы.
Қожанасыр: Дұрыс айтасың Алдар. Ендеше қонақтармен бірге барып, тойдың қалай өтіп жатқанын көрейік
2 - жүргізуші: Бәрекелді! Жүріңіздер.
Осы кезде қонақтар ауылдарды аралап, өнерлерін тамашалайды
Алдар Көсе: Ау, Қожеке наурыз тойы керемет тойланды. Енді біздер басқа ауылдарға барып сапарымызды одан әрі жалғастырайық
Қожанасыр: Олай болса біз жолға шығайық. Сау, болыңыздар!
2 - жүргізуші: Көп рахмет, келгендеріңізге
1 - жүргізуші: Халқымыз Ұлыс күнді «жыл басы» деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн», деген сияқты бейнелі сөздер сақталып келеді.
2- жүргізуші: Ақ жол! Ал, қадірменді ағайын! Наурыз мерекесімен жалғасқан той бізден басқа сыныптарда да өтпекші. Енді ертеде қазақтардың Наурыз тойын қалай қарсы алғаны сіздерді қызықтыратын болуы керек. сөз кезегі сенде.
1-жүргізуші: - Наурыз қарсаңында халқымыз Қызыр күні жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде « жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағады екен. Үй іші кір – қоқыстан ада болса, жыл бойы ауру – сырқаудан аман боламыз деген сеніммен мүліктерін жуып, сүртіп, көрпе жастықтарды қағып сілкейтін болған.
2 -жүргізуші: Иә, жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойғы өмірің дәл осылай өтеді деген нақыл әр халықта бар. Халқымыз жыл бойы молшылық болсын деп ыдыстарға бидай, арпа, сұлы, жүгері, т. б толтырып, сүт, айран, шұбат, уыз құйып қояды
1 -жүргізуші: Мұсылман халықтарының көбіне тән Наурыз мейрамы туралы біраз айттық. Әрине біз қамтымаған рәсімдер көп. Күн мен түн теңелген уа - қытта тойланатын бұл мейрамымыздың ең басты қасиеті теңдік, адамгершілік, молшылық сияқты абзал қасиеттерден тұрады.
2 -жүргізуші: Рахмет сіздерге!
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын жаңа жыл!!!
Екеуі бірге: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: туғанда, Наурыз, айы
Просмотров: 202 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar