Наурыз - думан - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Наурыз - думан
24.09.2015, 08:37
«Наурыз - думан» ән сайысы
1. Мереке «Наурыз - думан» әнімен ашылады.
1 - жүргізуші:
Армысыздар қадірлі, халқым менің,
Ақтарған кең даламның алтын кенің.
Мереке басы болсын берекенің
Ардақты «Наурыз - тойы»- салтыңды елім.

2 - жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық
Ортамызды ашайық,
Думандатып би - билеп,
Інжу - маржан шашайық.

1 - жүргізуші:
- Қадірлі ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Наурыз мерекесіне орай, бастауыш сынып оқушыларымен ата - аналары арасында өткізгелі отырған «наурыз - думан» ән сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Думанға қатысушы тұлғаларды.

1 - жүргізуші:
Ән - сайысына қатысатын өнерпаздарды қошеметпен ортаға шақырайық!
-------------------------
1 - жүргізуші:
- Құрбысымен ән орындайтын өнерпаздар:
------------------------------
1 - жүргізуші:
3 сынып оқушылары
------------------------------
2 - жүргізуші:
4 сынып оқушылары:
------------------------------
1 - жүргізуші:
Той деп бүгін, көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін, халқым шашу шашады - дегендей,
- Бүгінгі үлкен тойымыздың, ән - сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен танысып өтейік.
- Бүгінгі ән - сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1 - кезекте «Хор»сайысы
1 - жүргізуші:
2 - кезекте «Ата - анасымен баласы»бірігіп орындайтын ән
2 - жүргізуші:
3 - кезекте «Құрбысымен» орындалатын ән
1 - жүргізуші:
1 - сынып оқушылары:
«Құттықтаймын, Мама, туған күніңмен»
2 - жүргізуші:
2 - сынып оқушылары: «Достық» әні
1 - жүргізуші:
3 - сынып оқушылары: «Солдат болам мен ертең!»
2 - жүргізуші:
4 - сынып оқушылары: «Отаным - Қазақстан»
1 - жүргізуші:
Қарсы алайық халайық,
Аруға көз салайық
Алуа мен Алтынға
Қанеки қол соғайық!
Ән: «Бау - бақша белдер»
2 - жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да
Өз өнерін көрсетуге ортаға
- Жазира мен Райханқызы Қарлығашты шақырайық
Ән: «Жан гүлім»
1 - жүргізуші:
Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Алмагүлдің бастауышта сабағы
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты
Қамтиды ол қосымша көп саланы
Өз өнерін көрсетуге ортаға
- Айбасқызы Алмагүл мен Санжарды шақырамыз
Ән: «Менің анам алтын»
2 - жүргізуші:
Бала - шаға отбасымен бақытты,
Күнде Жібек мектебіне асықты,
Баласының ісін құптап анасы
Іскерлікпен ісін алға тасытты.
- Амангелдіқызы Алтынай мен Жібекті «Бала тілегі» әнімен қарсы алайық
1 - жүргізуші:
Бұл мереке сенің арқаң, әкешім
Бір мен үшін керектіні табасың.
Балаң жақсы деген сөзді естісең,
Күлімсіреп, қуанып бір қаласың.
- Балтанұлы Қайрат пен Мадинаны ортаға шақырамыз.
Ән: «Балама»
2 - жүргізуші:
Ана - көркі көгімнің,
Ана - нұры жерімнің
Ана - бағы баланың,
Ана - бақыт, Ана - күн
- Нуроллайқызы Эльвира мен Алинаны ортаға шақырамыз
Ән: «Айгөлек»
1 - жүргізуші:
Апам мені: «Айым», - дейді.
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Апам мені: «Күнім», - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
- әжесі Сағынаева Сания мен немересі Арманды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
Ән: «Анаға сәлем»

2 - жүргізуші:
Өнерлілер қанат қағар қалықтап,
Ән салады, би билейді шарықтап,
Өнерпаздың қайсылары мықты екенін
Бүгінгі күн сайысымыз анықтар.

Ән: «Қошақаным»
1 - жүргізуші:
Ән: «Әнші балапан»
2 - жүргізуші:
Ән: «Солдат болам мен ертең!»
1 - жүргізуші:
Ән: «Мектебім»
2 - жүргізуші:
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін,
Бақ - береке, дәулет, табыс, денсаулық,
Әр отбасына молынан қона берсін.
1 - жүргізуші:
- Бүгінгі ән - сайысына қатысушы өнерпаздарды ортаға шақырайық. Сайысымыздың қорытындысын айту үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
2 - жүргізуші:
Ал енді құрметті ұстаздар мен ата - аналар, оқушылар, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз думан» атты ән - сайысымыз өз мәресіне де жетті. Барлықтарыңызды Наурыздың киелі сусыны, Наурыз көжеден дәм татуға ақ дастарханымызға шақырамыз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Наурыз, думан
Просмотров: 172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar