Наурыз - жыл басы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Наурыз - жыл басы
24.09.2015, 11:02
Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.
Тәлім сәтінің мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.
Еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: тәлім сәті
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, суреттер.
І. Жүрісі:
ІІ. Ұйымдастыру.
ІІІ. Негізгі бөлім.

1. Кіріспе. Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен, яғни, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, 2 «А» сыныбының дайындаған «Наурыз – жыл басы» атты тәлім сәтін назарларыңызға ұсынамыз.
Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ендеше осы Наурыз мерекесі туралы тақпақтарға кезек берейік.

1 - оқушы: (Қарақат)
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүт бұлағын ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген,
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!

2 - оқушы: (Есен)
Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!

3 - оқушы: (Ақтілек)
Наурыз - көктем тойымыз,
Той дәмі мол, тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
Төлдеді де малымыз,
Тамыр жайды талымыз.
Наурыз өнер жарысын
Бастады жас кәрі үшін.

4 - оқушы: (Ақжол)
Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған.
Тойын жасап ел енді,
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: басы, Наурыз, жыл
Просмотров: 177 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar