MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өнер алды – қызыл тіл
24.09.2015, 08:36
Өнер алды – қызыл тіл
Мақсаты:
Оқушыларға мемлекеттік тілдің – қазақ тілінің құдіретін, ұлылығын таныту, қазақ әдет-ғұрыптарының қыр-сырын ашу, түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру және оны кеңінен насихаттау, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, сауатты жаза білуге баулу, ойлау қабілеттерін дамыту, ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай білуге тәрбиелеу, ұлттық патриоттық сезімін арттыру, білімдерін тереңдету.
Көрнекіліктер:
Мемлекеттік рәміздердің суреттері, қазақ тілі, қазақ халқының салт дәстүрлері жөніндегі оқулықтар мен еңбектер, көрме ретінде қойылады. Нақыл сөздер.

Сайыс түрінде өтеді:
Сайыс 1кезеңнен тұрады, оған 6 оқушы қатысады.
Қазылар алқасы бағаларды есептеген мезгілде:
- Мемлекеттік тілді жетік білгендігіне
- Өзін-өзі үстау мәнеріне
- Сөйлеу мәдениетіне, жазу сауаттылығына
- Киім сәніне де баса назар аударылады

Мемлекеттік Әнұран

Тілім тарих қазынам,
Анашымның әлдиі.
Жарық дүние жазылған,
Ғұмырымның сан үйі.
Сенсіз тану мүмкін бе?
Ұлы халық мұратын,
Енді тілім сілкінде,
Жиып бойыңның қуатын,
Теңселсең де тұратын,
Кезің келді тұғырға.

Сайыскерлерді таныстырады:
1. Аметова Айнұр – әдепті, кішіпейіл, парасатты қыздардың бірі. Достары бойында сабырлылық, ұстамдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бағалайды. Айнұр көп істеп, шала бітіргеннен гөрі аз істеп өз бабына келтіруді жақсы көреді.
2. Жұмабаев Әспенби – топ ұжымы ішінде өте сыпайы, беделді оқушылардың бірі. Ой-өрісі кең, ақылды адамдарды жақын көреді. Өз дегеніне жете алатынына әр уақытта сенімді.
3. Нағашбаева Тұмар – шат көңілді, қолы ашық оқушы. Тез тіл табыса алатын адамдарды жақсы көреді. Яғни, сөйлесе білген, үйлесе біледі деп есептейді.....
4. Көшкінбай Елдос – салмақты, ақ көңіл. Жанындағы достарымен тез тіл табыса алады, қолынан көмек келсе аянып қалмайды. Әр істі байыппен орындайды.
5. Дидар Аружан – кішіпейіл, ибалы қазақтың қарапайым қыздарының бірі. Әрқашанда жайдарлы қалпымен айналасын думанға бөлеп жүреді, десек те әр істі ақылмен шешкенді жөн көреді
6. Арынғазы Орынбек – сабырлы, топ ішіндегі беделді оқушылардың бірі. Әрдайым ізденіп оқитын, білімді оқушылардың қатарында. Қашан да сабырлы да , салмақты қалпынан айырылмақ емес.
Сайыстың «Санаға сапар»- деп аталатын 2-турында оқушылар мынадай саяси сұрақтарға жауап береді.
1. ҚР «Тіл туралы Заңы» қашан қабылданды?
2. ҚР Президентінің жарлығымен Астана қай уақыттан бастап еліміздің бас ордасына айналды?
3. Астананың халықаралық тұсаукесер тойы қашан болды?
4. Ұлттық валюта – теңге қашан енгізілді?
5. ҚР Мемлекеттік Әнұранының сөзін және әнін жазған кімдер?
6. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтқан кім? Бұл сөзді қалай түсінесіз?
7. Кім қазақ тіл білімінің атасы болып есептеледі? Ол жөнінде не айта аласыз?
3-тур – «Шешеннің тілі – шебердің бізі»
Оқушылар «Дүниеде не қызық?» деген философиялық сұраққа өздерінің топшылауларын дайындап әкелулері керек.
Сөздің қисынын тауып, мәнді сөйлеу – шешендіктің алғы шарты.
«Өнер алды – қызыл тіл» дегенді қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан. Сөз өнері ақылға, көңілге байланысты болады. Осы тілмен айтып беруге көп шеберлік керек. Сондықтан, бұл үй тапсырмасы ретінде берілді. Оқушылар қызыл сөзден қаншалықты сымбатты ойлар құрап келді екен?
Жарыстың келесі туры «Сауаттылық – шеберлік» деп аталады.

Бәріміздің заманымыз – жазу заманы. А. Байтұрсынов «Сөйлегенде сөздің жүйесін, ұйқасын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек» деген. Жазғандағы сөздің кестесі дегенді сөзді сауатты жазу, емле қағидаларын сақтау деп түсінуге болады. Оқушылар жеке құжаттардың кез-келген түрін жазады, 2-3 минут уақыт беріледі.
Келесі тур – «Ұлы сөзден – ұлағат»
Мақалдар сайысына арналған тақырыптар:
1. Тіл, сөз өнері
2. Отан, туған жер.
3. Ата-ана, бала-шаға
4. Ана, қыз бала тәрбиесі туралы.
5. Ақыл, тәрбие туралы
Сайыстың соңғы туры «Білгенге – маржан» деп аталады. Ұлттық тәрбиенің негізі – қазақтың салт-дәстүрі.
Сайыстың сұрақтары:
1. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары туралы не білеміз?
2. Қасиетті 4 кітап
3. Қазақтың «ас беру» дәстүрі. Оның мәні қандай?
4. Жеті қазына.
5. Сүт тағамдары мен ет тағамдарын атап шық.
6. Жеті ата
7. Құрбан айт мейрамы туралы не білеміз?
«Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен» - дегендей сайыстың тәртібі бойынша оқушылар «Туған жер» әнін орындайды. Қазылар алқасы «Жүзден жүйрікті» анықтайды.
Шараны С. Мұқановтың мына өлең жолымен аяқтаймын:

Әкемнің құты,
Шешемнің сүті,
Сіңірген тұла бойыма
Бар асылын халықтың
Лұғатын ұлы тарихтың
Құйған сана ойыма,
Туған тілім, өркенде
Бола бер күшті, көркем де
Ән «Ана тілі»
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Өнер, Қызыл, алды, тіл
Просмотров: 249 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar