Невада - Семей - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Невада - Семей
24.09.2015, 09:37
Тәрбие сағаты: «Семей – Невада»
Мақсаты: «Невада - Семей» жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндіру, қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға тәрбиелеу.
Отрывки из поэмы О. Сулейменова «Земля поклонись человеку».

Учитель: Человек и Земля. Человек и природа едины. Всегда ли мы осознаем, как тесно связаны с природой, как зависим от нее? Земля дает нам не только продукты питания, не только средства труда, здоровье, но и обогащает нас духовно, доставляет своей красотой радость и является источником творческого вдохновения. Для нас стали обыденные такие выражения как Мать – Земля, Земля – матушка, Земля – кормилица. Человек не может существовать вне Земли. Жизнь человека и жизнь Земли неотделимы. Мы должны с вами научиться чувствовать Землю, любить ее, видеть ее красоту. Перед человеком открылась радость жизни потому, что он услышал шепот листьев и песню кузнечика, журчание весеннего ручейка и переливы серебряных колокольчиков, жаворонка в горячем летнем небе, шуршание снежинок и стен метели за окном, ласковое плескание воды и торжеств, тишину ночи. Мы гордимся тем, что человек полетел в космос, развил атомную физику, проводим различные испытания под землей, на земле, над землей и не хотим замечать, что все это сказывается на жизни Земли.

Қазақстанның тарихын еске түсірейік.
1 тарихшы: Кәрі Шыңғыстың қасіреті.
Қазақтың шексіз Сарыарқасында тарихтың небір тылсым сырларын бүгіп жатқан орындар аз емес. Солардың бірі – әйгілі Шыңғыс өңірі. Ол Семейден оңтүстік – батысқа қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан.
Бұл жерлермен бір кезде құмырсқадай қаптаған қалың қолымен Шыңғысхан жортқан. Таудың Шыңғыс, оның ең биік шоқысының хан шоқысы аталуы, мүмкін кезінде жарты әлемді бағындырған әйгілі Шыңғысханның есімімен де байланысты болар. Бұл өңірде Орда тауы, Қарауыл төбе деген атаулар да бар.
Қарт Шыңғыс қалмақтармен болған қанды шайқастардың да небір алапат аштықтың да куәгері болды, саяси қуғын – сүргендердің зардабын тартқан халықтың көз жасын көрді. Сонымен қоса, Шыңғыс өңірі атом мен сутегі бомбаларының жарылыстарын да бастан кешірді. Бұл кәусар ауасы, мөлдір суы, жасыл шалғыны мен тоғайы бар, қойнауы жүгірген аң ұшқан құсқа толы қасиетті өлкенің көрген сұмдықтарының ең кесепаттысы еді.

2 тарихшы: 1949ж. бұрынғы Кеңестер Одағының басшылары Шыңғыс тауының солтүстік – батыс сілеміндегі Дегелең жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылдады. Әскери – өнеркәсіптік кешеннің басшылары жергілікті халықтың мүдделерімен санаспай, сынақ өткізетін аумақты кеңейте берді. ҚСРО Қорғаныс министрлігі 1954ж. Абыралы ауданы аумағының жарымына жуығын полигонға босатып беруді талап етті. Республика басшылары бұған қарсылық көрсетпеді. Ондаған елді мекендердің тұрғындарын басқа жаққа көшіруге бұйрық берілді. Тұрғындарға енді бұл жерлерге ешқашан қайтып оралмайтыны ескертілді. Алғашында бұқара бұған наразылық білдіргенмен кейіннен лажсыздан көнді. Ошақтағы оттарын сөндіріп, ата-мекендерін тастауға тура келді. Адамдар бір – бірімен қоштасты туып өскен жермен, сумен қоштасты. Құрбандық шалып, ата – бабаларының молаларымен қоштасты.

Көрініс.
Айжан апа немересі Қазыбекті ертіп ауыл шетіндегі молалы төбеге келді. Саман кірпіштен қаланған төрт құлақты бейіттің қабырғасына сүйеніп тұрып, ол ауыр күрсінді.
- О, құдай, не жазып едім?! Көрсетерің көп екен ғой әлі, - деп ішке кірді де, Қазыбекті ымдап қасына шақырып алды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Семей, Невада
Просмотров: 296 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar