Оқушыларға күнделікті қойылуы тиіс сұрақтар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Оқушыларға күнделікті қойылуы тиіс сұрақтар
24.09.2015, 13:08
Оқушы міндеттері мен тапсырмалары:
1. Оқуың туралы не айтасың?
2. Тәртібің туралы ойланасың ба?
3. Тазалық сақтайсың ба?
4. Сабақты ынта қойып тыңдайсың ба?
5. Үйірмеге қатысасың ба, қатыссаң не үйреніп жүрсің?
6. Қоғамдық жұмысқа қатысуың қалай?
7. Әдеби кітап оқисың ба?
8. Газет-журналға жазылдың ба? Жазылсаң тиянақтап оқисың ба?
9. Қоғамдық жұмысқа керекті шаруашылық құралын үзбей әкелесің бе?
10. Ой-өрісіңді дамыту үшін шахмат үйрен.
11. Мықты, шымыр, сергек болу үшін спортпен шұғылдан.Ерте тұруды және жүгіруді әдетке айналдыр.
12. Сынып бөлмесіндегі өзіңе тиесілі гүлді уақытылы күт.
13. Кітабыңды, дәптеріңді қаптап, күтіп ұстап жүрсің ба?
14. Кезекшілік міндетіңді атқарар кезіңде сүрткін тіккін.
15. Сабақтан себепсіз қаласың ба?
16. «Нағыз жігіт», «нағыз қазақ қызы» болуды алдыңа мақсат ет.
17. Жіберген қателігіңді және кемшілігіңді түзеуге тырыс.
18. Қандай мамандық иесі болғың келеді? Осы күннен бастап алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін дайындал.
19. Достықты қалай бағалайсың?
20. «Ауылыңның жастарын көрсет, еліңнің болашағын айтып берейін» дейді екен дана қариялар. Ендеше өз әке-шешеңді, ата-бабаңды, өсіп - өнген атамекеніңді қастерлеуге, құрметтеуге тиіссің, табиғат сырын терең ұғынуға, өзіңнің болашақты жалғастырар ұрпақ екеніңді сезініп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауын орындауға атсалысуың керек.
Ол үшін жақсы оқы.

Мен саған сенемін...................................................
Осы дәптердегі міндеттерді, тапсырмаларды орындай аласың. Оқу үздігі болуға да , үй іші жұмыстарына көмектесіп те, бәріне де үлгере аласың. Ол үшін өзіңе, тек қана өзіңе сенгін. Бәрі де өзіңе байланысты.
Әкеңнің сүйеніші бол
Анаңның қуанышы бол.
Халқың қадірлейтін
Мәртебелі кісісі бол!
Сенім білдіріп, өзіңнен үлкен үміт күтетін сынып жетекшің - РҮСТЕМОВА ГҮЛМИРА
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ОҚУШЫЛАРҒА, тиіс, сұрақтар, қойылуы, күнделікті
Просмотров: 188 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar