MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу
24.09.2015, 15:02
Тақырыбы: Оқушыларды өз Отанына, адалдыққа тәрбиелеу. /тәрбие сағаты/
Мақсаты: 1. Туған елін, жерін шексіз сүюге, Отанын, тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу.
2. Оқушының өз - өзіне деген сенімділігін арттыру, шыншылдыққа және антқа деген беріктігін нығайту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Өтілу түрі: домино принципі бойынша.
Өтетін жері: 8 «а» сынып
Безендендірілуі: музыка, нақыл сөздер.

І. Жүргізуші:
Бүгінгі таңда қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер әрбір жасөспірім жеткіншектің өміріне өз әсерін тигізуде. Әрбір жеткіншек өзінің балалық шағынан есею кезеңіне өтуде. Алайда қоғамның түбірлі өзгерістері, әрбір жеткіншектің жеке дамуына да өзгерістер әкелуде. Оның ең бастысы жастардың көбісі патриоттық сезімнің не екенін түсінбеуде. Әрине кедейліктің өсуін, қоғамның ішінен байқау қиын емес. Сонымен қатар, ең ауыры – нашақорлыққа үйреніп, бұл жолға түсіп жатқан жастардың саны күннен – күнге көбеюде. Ал нашақорлық жастарымыздың денсаулығын бұзуда, менталитетімізді, ұлттық ерекшелігімізді ұмыттыруда.

Олай болса, қазіргі уақытта елімізде патриоттық сезім өзекті мәселенің бірі деп айтуға болады. Бұлай айтуымның себебі елбасымыздың 2050 бағдарламасында Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарақтандырылған, ұтқырлығы жоғары, Қарулы Күштер әскери даярлығын одан әрі арттыру жолын кезең - кезеңмен жүргізуді атап өтті.
- Елбасының осы қойған мақсатына байланысты әскери даярлықты нығайта түсу керек пе, жоқ әлде әскери даярлықты нығайтудың қажеті жоқ па?

1. Алмастың ойынша әскерге тек жұмыс табу үшін бару қажет дейді.
Танымал ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың пікірінше, қазақстандық патриотизмді бейнелейтін, қазақ халқының өз бостандығы үшін күрескен үш кезеңін атап көрсетеді.
1. Отырарды 6 ай бойы қорғап, Шыңғысханның баскесерлерінен қорғап қазақ халқының Отырардағы ерлігі бүкіл әлемге жоғары деңгейдегі рухын көрсетті.
2. Елді, жерді қорғаудағы қазақ халқының патриоттық сезімін жоңғар басқыншыларымен жарты ғасырға жуық күрес кезінен көруге болады.

3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да бұл тұрғыдан көп жайтты аңғартқандай. Қазақ жастарының ұлттық намысының, туған елге деген сүйіспеншілігінің жоғары екендігін көрсетті. Қазақ жастары жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ.

Қазақстан көп ұлтты ел. Біздің Республикамызда 120-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етуде. Ұлтаралық келісім дегеніміз – мәдени, саяси, әлеуметтік - экономикалық факторлардың құрамдас бөлігі деп атауға болады. Әр адам бала күнінен осы факторлардың барын сезінеді және патриоттық тәрбиені интернационалдық, ұлтаралық келісім, жат қылықтарға төзбеушілікпен байланыстыра отырып бойға сіңіреді деуге болады.
Бірақ қазіргі кезеңде Отан алдында борышын өтеу қасиетті сезімі ойыншыққа айналған сияқты. Бұны айтып отырған себебім келешекте жұмысқа түсу үшін міндетті түрде әскери билетті сұрайды. Сондықтан Отан алдындағы борыштан бұрын, өз қамымды ойлап жұмыс табу үшін ғана әскерге барамын деушілер жоқ емес.

2. Қыздардың әскери борышын өтемеген ұлдарға деген көзқарасы туралы Динаның ойын тыңдасақ:

3. Арман өз Отанының алдында борышын міндетті түрде өтеу қажет деп санайды:
Қазақстандық патриотизм мен ұлттық келісім Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің негізгі болып табылады.
Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау. Жалпы патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның адаммен барлық жағынан: өткенімен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын білдірді.

Бүгінгі күнге дейін біздер кеңестік патриотизмді мақтан етіп келдік, ал егер де Отанға деген сүйіспеншілік болмаса, кеңес халқы фашизмді құртып, жеңіске жетер ме еді?
Олай болса, бүгінгі күні ең бастысы болашақтың адамды қандай болуы керек, өз бойына азаматтық және патриот деген сезімдерді сіңіре білуінде жатыр.
Сондықтан да қазіргі жастардың патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударыла бастағанын айтар едім. Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: 1 - ұлттық - этникалық, 2 - жалпы адамзаттық, 3 - әлеуметтік - топтық. Ұлттық – этникалық дегеніміз – ұлттық намыс сезімі.
Қазақ халқының патриоттық сезімінің қандай жоғары болғанын кейінгі жылдар ішіндегі болған оқиғалар да дәлелдейді.
4. Әсем патриоттық сезімнің тек ұлдарға тән қасиет емес, ол сезім қыздарға да тән деп есептейді.
5. Жуықта ғана Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген ауылдасымыз Зайнулдинов Бақбергенді ортаға шақырайық.
- Сіздің әскер қатарына баруыңызға не себеп болды?
6. Ал кейбір азаматтар заман талабына сай келісім шарт бойынша әскери қызметте жүр. Келісім шарт бойынша Отанды қорғауға бола ма? – деген сұраққа Бақытгүлдің пікірін тыңдасақ:

Қорытынды:
- Өз Отанын, туған жерін, еліне, халқына шын берілген адам ешуақытта ештеңемен санаспайды. Мысалы Ұлы Отан соғысында қасық қандары қалғанша соғысқан Ізғұтты Айтықов, Иван Варепо, Қасым Қайсенов т. б. аталарымызды айтуға болады. Олар қазақ жері не басқа жер деп бөлмей Отан алдындағы борыштарын атқарды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:« Біз мемлекетіміздің қолда бар мүмкіншіліктерінің арқасында, көп ұлтты Отанымыздың әр азаматының достығын сақтауға, бір – біріне сенімді болуға, жалпы Отан – үйіміздің - Қазақстан Республикасының және ешкімге осы антын бұздырмауға тиістіміз.» - деген еді.
- Өз ойымды Қазақстан Республикасының Ата заңының 36 бабымен қортындылағым келеді:
«Қазақстан Республикасын қорғау - әр азаматтың қасиетті міндеті және борышы».
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: тәрбиелеу, Отанына, өз, адалдыққа, Оқушыларды
Просмотров: 299 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar