Қоңыр, қызыл балдырлар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қоңыр, қызыл балдырлар
24.09.2015, 10:03
Қоңыр, қызыл балдырлар
1. Теңіз балдырлары - қоңыр, қызыл балдырлар.
2. Қызыл, қоңыр балдырлар Қазақстанның қай суларында кездеседі? Каспий теңізінде.
3. Қоңыр балдырлардың түр саны - 1500.
4. Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасының сырта немен қапталған?- созылмалы сілемейлі қабықшамен.
5. Сілемейлі қабықшаның қоңыр балдырлар үшін маңызы қандай?- теңіз толқынының күшіне төтеп береді, құрғап кетуден сақтайды.
6. Қоңыр балдырлардың жасушасындағы ядро саны - біреу.
7. Қоңыр балдырлардың жасушасындағы вакуольдердің саны - біреу немесе бірнешеу.
8. Вакуольдерінің құрамында илік заттары бар балдыр - қоңыр балдырлар.
9. Қоңыр балдырлардың хроматофорының пішіні қандай?- дән тәрізді.
10. Қоңыр балдырлар хроматофорының орналасуы - жасуша қабықшасына жақын орналасқан.
11. Қоңыр балдырлардың хлорофилл және қоңыр бояулары қайда орналасқан - хроматофорларында.
12. Қоңыр балдырлар жасушасының қор заты - полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмір сулар).
13. Қоңыр балдырлардың түрлері - ламинария, саргассум, нереоцистис, турбинария, агарум
14. Ламинария теңіз жағалауынан қанша шақырым аймақты қамтып өседі? 5 - 10 шақырым.
15. Ламинария балдыры теңіз түбінен қанша тереңдікте өседі? 20 - 30 метр.
16. Сыртқы құрылысы гүлді өсімдіктерге ұқсас қоңыр балдыр - ламинария.
17. Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекініп өседі? тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен)
18. Ламинарияның жоғары қарай созылған бөлімінің ұзындығы - 50 см.
19. Ламинарияның жоғары қарай созылған бөлімінен нелер өсіп жетіледі?- жалпақ таспа тәрізді өсінділер.
20. Ламинарияның жалпақ таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы - 3 - 4 метр.
21. Солтүстік ендіктерде өсетін ламинарияға тән қасиет - жалпақ, таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады.
22. Ламинарияның зооспорангийлері неден пайда болады? жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетіндегі дақтардан.
23. Ламинария зооспорангийлерінің пішіні - эллипс, цилиндр тәрізді.
24.«Теңіз орамжапырағы» деп аталатын қоңыр балдыр - ламинария
25. Ламинария балдырының маңызы - адамның қалқанша безінің жұмысын жақсартады, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосады.
26. Ламинария балдырының денесі - 70%- ға дейін көмірсудан, 9% нәруызды заттар, 0, 3%- ға дейін йод, май, бром, күшән сілемі және А, В, С, Д дәрумендерінің жиынтығынан тұрады.
27. Теңіз қоңыр балдырларының 1 тоннасынан қанша килограмм таза йод алынады? бірнеше килограмм.
28. Жидекке ұқсас домалақ өсінділері бар қоңыр балдыр - саргассум.
29. Саргассумның жидегі - іші ауаға толы көпіршіктер.
30. Іші ауаға толы көпіршіктердің саргассум үшін маңызы - суда жүзуін тездетеді, басқа жерлерге тез таралады.
31. Саргассум тұқымдас балдыр - турбинария.
32. Турбинарияның өсінділері неге ұқсас? жүзім салқымына.
33. Жергілікті тұрғындар «теңіз жүзімі» деп атайтын балдыр - турбинария.
34. Қоңыр балдырлардың кейбір таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы - 60м
35. Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады - қоңыр, сары, қызғылт - сары (каротин, ксантофилл, фукоксантин)
36. Қызыл балдырлардың түр саны - 4000
37. Қызыл балдырлар теңіз түбінен қанша тереңдікте өседі?- 270метр.
38. Қызыл балдырлардың хроматофорларының пішіні - дән тәрізді.
39. Қызыл балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент болады - қызыл (фикоэритрин), көк (фикоцианин) пигменттері бар
40. Қызыл балдырлардың қоңыр балдырлардан тағы бір ерекшелігі - аса ірі болмайды, айрықша әдемі, көз тартады.
41. Қызыл балдырлардың жасушасының қор заты - май және қантты заттар.
42. Қызыл балдырлардың көбеюі - өсімді, жыныссыз, жынысты.
43. Бір грамм қара топырақта болатын балдыр саны - 5000
44. Көкөніс есебінде тамаққа пайдаланылатын қызыл балдыр - порфира.
45. Теңіз балдырларынан алынатын өнім - йод, спирт, сірке қышқылы, жасунық, агар - агар
46. Агар - агар дегеніміз не? ғылыми зертханаларда бактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта.
47. Балдырлардың шаруашылықтағы маңызы қандай?- жағаға шығып қалған балдырлар тыңайтқыш есебінде қолданылады.
48. Балдырларды қорғау үшін қандай шаралар қолданылады - өндіріс орындарынан шыққан лас сулар мен ауыл шаруашылық егістіктеріне шашылған химиялық қосылыстардан суды тазарту.
49. Балдырлардың судан сіңіретін газы - көмірқышқыл газы.
50. 1, 5 млрд жыл бұрын құрлыққа шыққан бастама өсімдік - фотосинтездеуші балдырлар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қоңыр, балдырлар, Қызыл
Просмотров: 237 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar