Облыстық қазақша күрес турнирі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Облыстық қазақша күрес турнирі
24.09.2015, 15:05
«Облыстық қазақша күрес турнирі»
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар, көрермендер Ш. Айманов атындағы қазақ гимназия мектебіне хош келдіңіздер!
Талайлардың шырқалып тұңғыш әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн Шәкен аға мектебінде,
Спортшылар күш сынасып бірге ұшады. / Қол соғып қошеметпен спортшыларымызды қарсы алайық!/
1 - 2ж Алаңда, Павлодар қаласы
2 - 1ж Алаңда, Қарағанды қаласы

1 - жүргізуші: Алаңда, Ш. Айманов мектебі

2 - жүргізуші:
Бір тумасы киелі жер Баянның
Өнерге де құлаш ұрған дананың
99 жасқа келді міне, халайық!
Шәкен - дархан дарыны бір даланың
1 - жүргізуші:

Керілгенде кинода бір кереге
Сусындатқан қазағымды өнерге
Шәкен - мәңгі сөнбейтұғын бір жұлдыз
Өнердегі өмірі бір өнеге.
2 - жүргізуші:

Ш. Аймановтың 99 жылдығына арналған «Облыстық қазақша күрес турниріне» хош келдіңіздер! Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15-ші ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы. С.Торайғыров атындағы Айманбұлақ деген жерде туған. Шәкен Кенжетайұлы Айманов Семей қаласындағы Каз Коммунада одан кейін педагогикалық техникумда оқыған жылдары көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысады. Театр сахнасында қайталанбас образдарда қатысқан.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1947 жылдан 1951 жылға дейін театрдың көркемдік жағын басқарумен қатар бас режиссер болып та істеді.
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1953 жылдан 1970 жылға дейін «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің қанат жайып өркендеуіне де ерекше мол үлес қосты.
1 - жүргізуші:
Шәкен аға – шын өнердің дүлділі
Шәкен аға – кинолардың жұлдызы.
Шәкен аға – сахнаның сардары,
Шәкен аға – театрдың бұлбұлы - деп облыстық турнирді ашық деп жариялаймын! / Гимн ойнайды/
2 - жүргізуші:
Кино өнері әлі талай өрбиді,
Өнер – жалын еш уақыт сөнбейді.
Шәкен түсірген кинолардың барлығы,
Көрерменнің көңілінде өлмейді - дей келе Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мұсабаев Жабай Жәнәбілұлына құттықтай сөз беріледі.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: турнирі, күрес, облыстық, қазақша
Просмотров: 116 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar