Қонақ - атаңнан да үлкен - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қонақ - атаңнан да үлкен
24.09.2015, 13:27
Қонақ - атаңнан да үлкен. 9 - сынып
(Сахналық көрініс)
Қатынасушылар:
Азамат Б. отағасы
Арайгүл Азаматтың әйелі
Азамат С. қонақ, Азаматтың інісі
Жеміс қонақ, Азаматтың апасы
Жанар қонақ қыз
Нұрбек Азамат пен Арайгүлдің баласы.

Киіз үйдің іші. Отағасы Азамат қолына домбырасын алып, күй шертіп отыр. Жұбайы шай қамына кірісуде. Көп кешікпей үйге қонақтар кіріп келеді.
Азамат С. Ассалаумағалейкум! ( есіктен сәлем беріп кіреді).
Азамат Б. Уағалейкумассалам!
Жеміс. Амансыңдар ма, қарақтарым?
Арайгүл ( иіліп сәлем етеді)
Жеміс. Бақытты бол!
Жанар. Сәлеметсіз бе. жеңеше?
Арайгүл. Еркежан да келіп қапты ғой. Айналайын, келші маңдайыңнан сүйейін.
Азамат С. Осы үйдің қазанын шегелей келдік.
Азамат Б. Жақсы болды ғой, өзіміз де осы қазан шегелегіш шебер іздеп
отыр едік. Төрлетіңдер.
Жеміс. Ауыл - аймақ, көрші - көлем, мал - жан - бәрі аман ба?
Азамат Б. Бәрі де аман. Құдайға шүкір, ел қатарлы өмір сүріп жатқан
жайымыз бар
Жанар.. Жеңеше, мынау өзіңізге деген тартуым.
Арайгүл. Рахмет, жаным. Сол өзіңнің келгеніңе не жетеді.
Жанар. Түу, жеңеше, шайыңыз тәтті екен. Тағы да құйыңызшы.
Арайгүл. Іше ғой, жаным.
Азамат С. Шайға үйреніп болдық қой. Бұл құрғырды қанып ішпесең, тіпті басың ауыратын болды. Бермесеңіз сұрап ішетін едік. Жеңешеміздің бауырсағын сағынғанымыз рас (Барлығы күледі).
Жанар. Аға, бұрынғы өмірден өткен дана адамдар, билер жайлы көп білетін едіңіз ғой. Солардың біреуін тағы да айтып беріңізші.
Жеміс. Е, бәрекелді!
Азамат Б. Қалқамның тілегін жерге тастамайын (әңгіме айтады).
- Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» деп сұраған екен. Бұған ешкім ауыз тұшытарлықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала би өзі шешіп берген екен дейді.

Жерден ауыр дегенім - ақыл - білім.
Судан ауыр дегенім - оқу - ғылым.
Оттан ыстық дегенім - адамның өмірі.
Көктен биік дегенім - тәкаппардың көңілі.
(Барлығы бірге):– Керемет, тауып айтылған сөз.

Жеміс. Осы шай ішіліп болған секілді. Жинай бер, қалқам.
(Шай құралы жиналады).
Нұрбек. Апа, ас дайын.
Арайгүл. Ә, ендеше, қолға су құя ғой. (Қолға су құйылып, табақ тартылады)
Азамат С. Әлгі осы үйдің баласы қайда, шақыр. Ол да бізбен бірге тамақ жесін.
Арайгүл. Кенжетай, кел сенде тамаққа, осы ағаларыңның жақсы әңгімелерінен ғибрат ал. Саған да осы ағаларыңның жасын, жолын берсін.
Жеміс. Менің келінім қандай өнерлі десеңші. Еттің нанын өзгеше, әдемілеп жайған екенсің.
Арайгүл. Өзімнің шешем нанды осылай жаюшы еді. Көргенімді жасап, көпке
үлгі болсын дегенім ғой ( ет желініп, сорпа беріледі, табақ алынады).

Азамат Б. Жасың кіші болса да. Жолың үлкен қонақсың. Астың батасын өзің қайыра ғой.(Дастарқанға, отырғандарға бата беріледі. Бала Нұрбек
апасына шұбат құйылған ыдысты әкеліп береді. Апасы шұбаттан зеренге құйып, қонақтарға береді).
Азамат Б. Қарап отырғанша, ауылдың алты ауызын айтайын. (Құрманғазының «Адай» күйі тартылады). Енді қонақ кәде айтыңыздар.
Жанар. Мен бір халық әнін шырқап берейін («Әгугай» әні орындалады)
Барлығы бірге: Өнерің үстем болсын!
Азамат Б. Ақ ішіңіздер.
Арайгүл. Еркежан, бері кел.
Жанар. Жеңеше, мынаның бәрін қайдан алдыңыз?
Арайгүл. Бұл – менің жинап жүргендерім, ескінің көзі. өзімнің шешемнен, енемнен қалған сәндік бұйымдар. Бұйымтайыңды айт, қалағаныңды берейін.
Жанар. Мына біреуін таңдадым. Қалағаным – осы.
Арайгүл. Қалағаның осы болса, ала ғой. Көзімдей көріп тағарсың.
Жеміс. Аманшылықта, саушылықта кездесейік.
Б. Азамат пен Арайгүл бірге. Жолдарың болсын. Елге аман - сау барыңдар.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: да, атаңнан, үлкен, Қонақ
Просмотров: 261 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar