Қош, бастауыш мектеп! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош, бастауыш мектеп!
24.09.2015, 10:31
(Бастауышпен қоштасу салтанатты кеші)
Тақырыбы «Қош, бастауыш мектеп!»
Мақсаты: Балалар өздерінің бастауыштағы оқытқан алғашқы ұстаздарын құрметтеуге, одан алған тәрбиесін әрі қарай жалғастыруға сенім білдіре отырып, енді есейгендерін түсіндіру.
Көрнекілігі:
«Бастауышың – бастамаң,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам»,
«Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Білім ал, еңбек ет, жас ұлан!
Үн қосып қиядан асыра.
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Сыңғырла қоңырау асыға,
Сыңғырла қоңырау тағы да» деп жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер, «Алғашқы ұстаз» фотостенд.
Қатысушылар: мектеп оқушылары
Жүргізушілер: 1. Даулбаев Нұрсейіт
2. Картпанова Анархан

1 жүргізуші: Нұрсейіт
Армысыңдар ұстаз қауым ата – ана,
Құлақ түрің жақсы лебіз батаға
Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп
Бастауыштың балалары ата – ана.

2 жүргізуші Анархан
Би биленіп ән айтылар аспандап
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ

1 – жүргізуші: Нұрсейіт
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.

2 - жүргізуші. Анар
Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты

1 - жүргізуші: Нұрсейіт
Қадірлі: ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,
Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын
Қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2 - жүргізуші: Анар
Сондай - ақ біздің ыстығымызға
Күйіп, суығымызға тоңа білген оңымызбен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы сәтте келіп жетті. Бүгінгі біздің алғашқы, үлкен
Екеуі: бірге - Салтанатты кешке қош келдіңіздер!
Нұрсейіт
Өтті қызық көп күндер,
Үлкен жасқа жеттіңдер
Анар
Бітірдіңдер бастауышты
Бір белестен өттіңдер дей отыра енді бастауышты бітіруші 4 “а” түлектерін вальс ырғағымен ортаға шақырамыз. Ұстазым әні орындалады.
Әдемі баспалдақ болып тұрады. шашу шашылады.
Нұрсейіт
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Ақ көйлек жеті жасар балалығым
Анар
Қане балалар балалық шаққа саяхатқа барайық.
1 - сынып Қоңырау соғылады
Көрініс
Біздің сыныптағы жылауық оқушылар.. Айналасында оны жұбатып жүрген оқушылар. Айнұр мен Азаматты бәрі көндіріп бірінші сыныпта қалай алып қалып отырғандарын еске түсіреді.
Нұрсейіт: Қошеметпен ортаға Музарт тобын шақырамыз.
Сол сәтте Музарт тобына пародиямен “Балдаурен “ әні орындалады.(Диас, Нұрсейіт, Айбын )
Анар Кәусарын білімнің
Құлшына сімірдім.
Ойыма жинадым
Бойыма сіңірдім.
Нұрсейіт Мен сенің көктемін,
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіне
Алғысым көп менің.
Дей отыра біздің сыныпқа 2 - сыныпта келген оқушыларды қошеметпен ортаға шақырамыз.
Мейрамгүл, Ербол, Бекзат, Айбын (олар өздерінің арнауларын айтады)
Анар: 3 - сыныпта келген оқушы тек Диас екен, соны ортаға шақырайық Нұрсейіт
Нұрсейіт Анар сен 4 - сыныпта күні кеше кімдер келгені есіңде ме?
Анар Әрине олар Әсия, Жангелді, Құралай (олар арнауларын оқиды)
Нұрсейіт Өнерпазым көп біздің,
Өнер табам деп жүрдің
Үйірмеге қатысып, Домбырада күй тербеткен бізде күйші жігіттеріміз бар
Олар Айбын, Диас, Арыстан әнге қосып айтыс өнері арқылы айтысады.
Анар Сен менің әкемдейсің, анамдайсың
Біз үшін алаңдайсың, армандайсың
Ұстаздарым сендерден артық ақылшым жоқ
Адалдық пен парасаттан жаралғандайсың
Дей отыра пән мұғалімдеріне сөз кезегін бергіміз келеді

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мектеп!, Бастауыш, қош
Просмотров: 196 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar