MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
24.09.2015, 11:21
«Қош бол, аяулы мектебім!»
- Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, аяулы мектебім!» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, жиналған ата - ана, ұстаз,
Салтанатсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
Он бір жылда оң - солын таныған жас.
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертең азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолдап отыр!- деп ортаға 2014 жылғы Жас түлектерді қошеметпен шақырайық.
2014 жылғы түлектер:
1.
2.
.....................
Аяулы түлектер! Бүгінгі аттестат алу кешіне қош келдіңіздер. Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл он бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті... Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн - сол шаққа нүкте қояр мезеттер.
Бүгін міне жиналыпты қонақтар,
Кез де келді бүгін міне, жыр ақтар,
Сыңғырлаған қоңыраудың үндері,
Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Қимас сезім жүректерде алаулап,
Түлектермен қоштасардай атырап.
Бүгінгі күн есте қалар шақ екен,
Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.
Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,
Алып ұшқан түйініндей хаттардың.
Түлектерге қимас сезім сыйлаған
Куәсіндей балалық бал шақтардың.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!- деп аттестат алу кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
(Әнұран ойналады)

Бүгінгі «Қош бол, аяулы мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.

1. Әйке селолық округінің әкімі:
2. "Айгөлек" бала бақшасының меңгерушісі:

Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз
1.
2
3.
4.
қатысып отыр. Қош келдіңіздер!
Алғашқы құттықтау сөз сөйлеуге ортаға мектебіміздің басшысы -------------------------- шақырамыз.

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама -
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу рәсімі де келіп жетті. Аттестат тапсыру құрметі мектеп директоры ----------------------- мен оқу ісінің орынбасары ------------------- тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз -------------- беріледі.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз --------------- беріледі.
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: --------------- апайға беріледі.
Класты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас - қағым - деп 5 кластан бері түлектерімізге жетекшілік еткен класс жетекшілері ----------------------------------- беріледі
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын: ---------------------------------
Құтты болсын ата - ана қуанышың
Жасқа толды кәмелет жұбанышың
Қанат қомдап ұядан ұшқалы тұр
Бір биікке күні ертең шығары шын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата - аналары атынан беріледі.
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз - қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз «Қоштасу вальсін» билейді.
Болдыңдар ғой кіп - кішкентай балдырған,
Еркелікпен талай есті тандырған.
Енді жерді жеті айналып шықсаң да,
Балалық шақ қайта келмес алдыңнан
Хор «Қош бол мектеп»
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер, келешек еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, ұстаздарыңды, достарыңды, осы салтанатты кезеңдерді естен шығарма!
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!- деп түлектерімізді үлкен өмір жолына ақ жол тілеп, шығарып салайық!
Құрметті түлектер сіздерге Сәт - сапар және ақ жол тілейміз. Өйткені болашақтарыңыз бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өміріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Ендеше тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Ардақты қонақтар, ұстаздар және ата - аналар «Қош бол, аяулы мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды. Жүздескенше сау саламатты болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Аяулы, тапсыру, бол, кеші), мектебім!, (аттестат, қош
Просмотров: 614 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar