Қош бол, бастауыш! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош бол, бастауыш!
24.09.2015, 14:05
«Қош бол, бастауыш!»
Көрініс: 1 - жүргізуші:
- Иә, балалар осындай сәт бәріміздің басымыздан өткен болатын. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың деген сірә, осы болар.
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі оқушыларымыз мектеп табалдырығын аттап еді.
2 - жүргізуші:
Иә, біз алғашқы күннен бастап ұстазымызбен танысып, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйрендік.
1 - жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
2 - жүргізуші:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
1 - жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - сыныптарды ортамызға!
4 «А» сыныбы және сынып жетекшісі: ----------------------
4 «Г» сыныбы және сынып жетекшісі: -------------------
2 - жүргізуші:
Қоштасу тойын бастайық
Ән мен биге басайық
Өнерлерін көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық
«Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бол, Бастауыш!, қош
Просмотров: 151 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar