Қош бол, әліппем! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош бол, әліппем!
24.09.2015, 11:37
Қош бол, әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, өнерлерін тамашалау, мәдениеттілікке тәрбиелеу, қабілеттерін дамыту.
Дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын тереңдету, өзін - өзі басқаруға үйрету.
Көрнекіліктері: А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин суреттері, шарлар, гүлдер, даналық сөздер, әліппе суреті, әріптер, буындар.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Мұғалім: Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Әліппе кітап тіл ашқан.
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгін, сіздер 1ә - сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы әліппемен қоштасуға арналған мерекеге келіп отырсыздар. Мерекемізге қош келдіңіздер! Енді сіздерді оқушыларымның өнерлерін тамашалауға шақырамын!
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Ұстаздар мен оқушылар! «Қош бол, әліппем»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Жанерке.
- Иә, ең алғаш әріп танытып, оқуды үйреткен сүйікті әліппемізбен қоштасар кезде келіп қалды.
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Жанерке, менің ойымша әліппе бар кітаптың басы болғандықтан, әліппені кітаптар патшасы немесе «хан әліппе» деп атар едім.
2 - жүргізуші: Жанерке.
- Жарайсың, Нұрдана! Табылған ақыл. Ендеше Хан әліппені ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Қарсы алайық бүгінгі күннің басты қонағын.(Хан әліппе келеді)
Хан әліппе: Сәлеметсіздер ме, балалар!
2 - жүргізуші: Жанерке.
- Сәлеметсіз бе, хан әліппе!
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Хан әліппем! Бүгінгі сый - құрметтің бәрі сізге арналады.
Хан әліппе: Рахмет, балаларым. Мені оқып, үйреніп, жазуға, оқуға, өнерге бейімделген шығарсыңдар. Қане, көрсетіңдер, көрейін не үйренгендеріңді.
Хор: Әліппе.
Хан әліппе: Рахмет балаларым! Өркендерің өссін! Өнерлерің өрге жүзсін!
1 - жүргізуші: Нұрдана
Ән: Домбыра сазы. Орындайтындар: Әсел, Ақнұр, Үміт
2 - жүргізуші: Жанерке.
- Хан әліппе, сіздің достарыңыз бар ма?
Хан әліппе: Әрине бар. Менің бірінші досым «Ақыл әліппесі». Менің әріптерімнің қандай екенін тыңдаңыздар.
1 - оқушы - Ақнұр: А Ата - ананың тілегі -
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі -
Адал болып өскенің.
2 - оқушы - Әсел: Ә Әдептілік дегенің -
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің -
Әуре – сарсаң әлегің.
3 - оқушы - Мейрамбек: О. Оқуда болсаң,
Ойыңа, ойынды әсте жуытпа
Ойында болсаң,
Ойыңа, оқуды түсір, ұмытпа.
4 - оқушы - Саят: С Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
5 - оқушы - Арыстан: Т «Тәртіпті»бала - сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді
Тәртіпсіз бала - күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
6 - оқушы - Үміт: Ұ Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай - шу
Ұстамды бала жанынан
Ұнамды қылық байқайсың.
7 - оқушы - Ш: Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз.
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Рахмет, әліппе. Әріптеріңіз керемет ақыл айтты.
2 - жүргізуші: Жанерке.
- Бұл ақылды біздер, естен шығармауымыз керек.
Хан әліппе:
- Жарайсыңдар, менің әріптерім!
- Ал, енді, менің Тапқышбек деген уәзірім бар еді. Өзі сондай тапқыр, әрі ақылды.
- Шақырыңдар, менің уәзірімді
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Әміріңізге құлдық, хан ием!(Билеп, Тапқышбек келеді
Тапқышбек:
- Салем, балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын!
- Бүгін сіздер үшін үлкен мереке және ең алғашқы сын болмақ. Ал мен қазір сіздерді сынап көрейін. адасқан буындардан сөз құрап беріңдерші.
Ойын: «Адасқан буындар»
2 - жүргізуші: Жанерке.
- Келесі шырқалатын ән - Жарқын жүзді ұстазым!
1 - жүргізуші: Нұрдана
- Тапқышбек, бізді, сынайтын тағы қандай тапсырмаң бар?
Тапқышбек: Ендеше, сөз жарысында кім көп біледі екен? Әліппеден үйренген тақпақ өлеңдерімізді айталықшы.
2 - жүргізуші: Жанерке
Отан - сенің, ата - анаң,
Отан - досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың

Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын

Отан - осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
1 - жүргізуші: Нұрдана
Бабалардың көзіндей,
Даналардың сөзіндей,
Ұлы дала тұрғызды
Ұлы қала өзендей.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Әліппем!, бол, қош
Просмотров: 161 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar