Қош бол, сүйікті Әліппем! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош бол, сүйікті Әліппем!
24.09.2015, 12:07
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік, дағдыларын көрсету; ұқыптылыққа, жинақылыққа үлкендерді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу. Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Мәнерлеп өлең, қара сөздерді айта білуге, үйренген білім, білік дағдыларын одан әрі дамыту тілін дамыту, сөздік қорын молайту; байланыстыра сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достық, жанашырлық қарым - қатынас орнатуға тәрбиелеу. Ойын арқылы ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Тақырып жазылған баннер, әдемі үрленген шарлар, гүлдер, интерактивті тақта

Ертеңгілік барысы:
Мұғалім:
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Өлшеулі ар - намысы халқымыздың,
Қорғаны адамдықпен салтымыздың.
Армысыздар, аяулы ұстаздарым,
Сенері сіздерсіздер халқымыздың!
Өмір берер ертеңгі бағаларым
Әліппемен қоштаспақшы балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, ата - әке, әжелер мен аналарым!

Кеше ғана білім баспалдағына алғаш қадам басқан бүлдіршіндер қоңыр күзде күміс қоңырау үнімен тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулықтары - Әліппе еді. Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы 42 әріпті меңгеріп, енді одан да жоғары үлкен - үлкен биік шыңдарға көтерілмекшіміз. Олай болса, ертеңгі күннің үмітін ақтар еліміздің болашақ азаматтарын – 1«А»класс оқушыларын ортаға шақырамыз. Қол соғып қошеметтеп отырайық.
(Музыка әуенімен 4 класс оқушылары 1 класс оқушыларын жетектеп шығарады. Қолдарында 1 - 1 шар, жалауша.)
Құрметті ұстаздар, ата - аналар!
Кез келді сіздерден бата алар.
Ұл - қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар!- дей келіп алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Мақсұт Түрсәлімұлына береміз.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!

Енді мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер. Мереке баршаңызға құтты болсын! Сөз кезегі – бүлдіршіндерде.
Меруерт: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Төлеген: Сәлеметсіздер ме, ата - аналар, ұстаздар!
Меруерт: Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз.
Ғылым - білім жолына,
Енді қайық саламыз!
Ақерке: Елімізде жылма - жыл біз тәрізді тұңғыш мектеп табалдырығын аттаушы бүлдіршіндер қатары артуда.
Сұлтанбейбарыс: Ал бүгінгі күні сол бүлдіршіндердің барлығының, соның ішінде №5 жалпы орта білім беру мектебінің «1А»оқушыларының
қуанышында шек жоқ.
Елназ: Себебі, біз тұңғыш қолымызға алған, хат танып, сауатымызды ашқан сенімді досымыз - Әліппемен қоштаспақпыз.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: бол, Әліппем!, сүйікті, қош
Просмотров: 126 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar