Қош бол, сүйікті Әліппем! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош бол, сүйікті Әліппем!
24.09.2015, 15:51
Тақырыбы: Қош, бол сүйікті Әліппем (1 сынып)

Мақсаты Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.
Ой - өрісін дамыту. Тәрбиелік мәнін қалыптастыру.
Көрнекілігі Плакаттар, буклеттер, суреттер, кесте әріптер, цифрлар.

Мұғалім сөзі Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар.
Бүгін 1 б сынып оқушылары сүйікті Әліппемен қоштасып отыр.
Осыдан төрт ай бұрын келген балалар қазір оқып, жаза алады. Барлығы 20 оқушы, 7 қыз, 13 ер бала. Бәрі де оқып жаза алады.
Енді Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өнерімізді ортаға салайық. Балалар естеріңде ме алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн
еді.
Хормен 1 Қыркүйек
Көркем Күмбір – күмбір қоңырау,
Сағынған ай Қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма
Жазылған ай Қыркүйек.
Мұғалім Балалар бұдан соң қолымызға қызықтап алғаш ұстаған кітап қай кітап?

Хор. Әліппе кітабы
Мұғалім: Ал енді осы Әліппенің алғаш бетінде қандай алғысөз жазылған және оны кім жазды?
Ұлболсын: Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» аяулы ана тіліңнің бастауы, білім шыңына
жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғаш қадамың құтты болсын!
Нұрхан: Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.
Елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетініңе сенемін.
Нұрбол деп жазған ҚР - ның президенті Н. Ә. Н.
Мұғалім Қымбатты балалар олай болса өздерің алғаш ұстаған Әліппе кітаптарыңды ортаға шақырайық

Хормен
Іші толған әріпке
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім, білімнің
Әжесі осы Әліппе.

- Сәлеметсіз бе Әліппе
(Әліппе шығады)
Армысыңдар жас достар
Армысыңдар ата - аналар
Болашаққа жол ашар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
- Құрметті балалар, Әліппе тойларың құтты болсын. Мен бірнеше сыныптың Әліппе тойларына қатыстым. Енді сіздерге келдім, тойларың тойға ұлассын!
Назерке: Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ өйткені біз алғаш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
Жанболат: Қолыңа тұңғыш қалам ап
«А» әрпін тұңғыш жазарсың
Білім ап «А» саралап
«Б» сына көз саларсың.

Әнипа: Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес алыс жол
Тырысып бақ алысқа.

Нұржан. Ұшына жетсең тырмысып
Озып бәйге аларсың
Көгінде жарық жұлдыз боп
Жұртыңа нұр боп жанарсың.

Ұлболсын. Қане бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.

Саят. Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе білім есігі

Нұрхан. Қош бол, құтты Әліппем
Тіл тұсауын кестің сен
Аялы анам болып сен

Бекзат. «А» әріпі
Лаура. «Әліппе» тақпақ
Хор «Әліппе»

Мұғалім. Ал енді балалар біз ұстаз, ана, туған жер Республикамыз туралы білетінімізді айтайық.

Ақниет: Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып

Ержан: Сипадың басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім

Еркін: Отан - жерім, отан - суым
Отан қуат, нәр берді
Отан ұран, отан тауым
Отан мәңгі гүл берді

Жансұлтан: Шай ішетін қоюлап
Жақсы көрем атамды
Сырмақ сырған оюлап
Жақсы көрем анамды.
Қуан Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан.
Хор Мұғалім ол біздің
Мұғалім: Ал балалар қазақ тілінде қанша әріп бар?
Ұлан: Алфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар

Нұрлан: Үйретті бізді 42 дыбыс әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық дәріпке
Мұғалім: Балалар біздің 42әріпті үйренумен қатар сөз, сөйлем жаза аламыз ба?

Хор Иә
Мұғалім: Онда тақтаға мынаны жазыңдар «рахмет саған Әліппе». Оқушыларға оқыту
Өздері жаттаған мақал - мәтел айту
Хор «Рахмет саған Әліппе»
(Әліппе ортаға шығады)
Балалар сендердің өнерлеріңе таң қалып отырмын. Әліппе оқулығын кімге тапсырамыз.
Балалар: Дайындық сыныбына

Әліппе: Балалар сендер ендігі оқитын «Ана тілі»келіп тұр. Қарсы алайық
Ана тілі Сәлеметсіздер ме балалар?
Хор Сәлеметсің бе. Ана тіл
Ана тілі Балалар тойларың құтты болсын! Мен өзімді таныстырайын мен ана тілімін. Ал, балалар енді бұдан былай мені оқып, менен білім аласыңдар. Мені киінгі ұрпаққа таза, ұқыпты етіп қалдыруларыңды сұраймын. Өз ана тілдеріңді құрметтеңдер.
Бекзат: Таза, ұқыпты жазуға уәде береміз
Назерке: Құрметті «ана тілі» біздің әліппеден үйренгенімізді сізден әрі қарай жалғастырамыз.
Сіздің біліміңізді қадір тұтамыз.

Хор «Қазағым менің»
(Шығып кетеді)
Енді концерттік номерімізді тамашалаңыздар
1. Қазақстан оқитын Нұрбол
2. «Ақ көгершін» орындайтын Жансұлтан, Ержан
3. «Кең жайлау» би Лаура
4. «Ағатайым» орындайтын Көркем
5. Көрініс «Бауырсақ»
6. «Бала тілегі» Бекзат
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Нұрбол сіздерге «Бақытты балалық шақ» әнін орындап береді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Әліппем!, сүйікті, бол, қош
Просмотров: 393 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar