Қош бол, құтты әліппем! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош бол, құтты әліппем!
24.09.2015, 12:51
Тақырыбы: «Қош бол, құтты әліппем!»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз өнерлерін ата — аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,
өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, шарлар, әріптер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика»,
«Дүниетану» оқулықтарының макеті, тапсырмалар

Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, бүгін қуанышты күн. Міне, менің кішкентай балапандарым кеше ғана құшақтары гүлге толып мектеп табалдырығын аттап, қолдарына сүйікті де, сүйкімді Әліппе кітабын алған болатын. Сол әліппемен бүгінгі күні қимастықпен қоштасқалы отыр. Сіздердің алдарыңызда осы бүлдіршіндермен бүгін біз «Қош бол, құтты әліппем!» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Сынып оқушылары қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, оқушылар, сөз кезегі өздеріңізде.

Хормен: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

1 - жүргізуші - Досымжан: Ассалаумағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр, әніміз!

2 - жүргізуші - Дана: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

1 - жүргізуші - Досымжан: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, ойымыз,
Екеуі бірге: Құтты болсын тойымыз!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Әліппем!, Құтты, бол, қош
Просмотров: 164 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar