Қош келдің, Наурыз - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош келдің, Наурыз
24.09.2015, 10:03
Тақырыбы: «ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ»
Мақсаттары:
● Білімділік: Оқушыларға Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру;
● Дамытушылық: Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру;
● Тәрбиелік: Ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, проектор және т. б.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қош келдің Наурыз!, «Халық тәлімі - тәрбие бастауы», «Шаңырақ энциклопедиясы», «Ата мұраң - асыл қазына», «Салт дәстүрді білесің бе?» т. б. әдебиеттер, журналдар.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
(қонақтар дастарханға жайғасады).

1 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Сөзге құлақ салайық.
Сағынып жеткен жыл құсы,
Наурызды қарсы алайық.

2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық.
Өскен елге лайық.
Әз Наурызды ардақтап,
Дәстүрге құрмет қылайық!
(жүргізушілер сөйлеп тұрғанда, жаймен бір әуен сүйемелдейді)

1 - жүргізуші: Самарқанның көк тасын еріткен де Наурыз!
2 - жүргізуші: Күн мен түнді бір мезгіл теңелткен де Наурыз!
1 - жүргізуші: Ырыс, құт боп еліме төрлет - төрлет Наурыз!
2 - жүргізуші: Жүректерде ән болып шырқа - шырқа Наурыз!

1. (Ән «Қазақы дастарханым» ХОР)
1 - Жүргізуші:
Салт – дәстүр - ұрпақтaн - ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез - құлқының, іс - әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата - ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады. Дағды, әдeт - ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді.
Олай болса, бізде бүгін қазақ халқымыздың бір салт - дәстүрін жаңғыртып, осы жерде сыйға тартайық.
2 - жүргізуші: Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.- дей келе келесі кезекте қазағымыздың «БЕТАШАР» салт дәстүрінен үзіндіні тамашалайық.

2. (Салт - дәстүр «БЕТАШАР» Есептеу техникасы - 315)

1 - жүргізуші: Жиналыппыз Наурыз тойға бәріміз де,
Үлкен кіші, жасымыз да, кәріміз де,
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге

2 - жүргізуші: Наурыз – жаңғырған жылдың басы.
Соқпақ даңғыл болар жылдың басы.
Сөз күйттеген қашан да халықпыз ғой
Жиын тойда айтылар сөздің басы

Құттықтау сөз кезегі колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ________________ беріледі.

1 - жүргізуші:
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттың біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

3. (БИ «Өзбек биі» ІҚЖ - 203)

1 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

2 - жүргізуші: Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,
Наурызда ажар қандай, арай қандай!

4. (ӘН «Шақырады көктем» Ғалымжанова Эльмира, Қойшыбай Айдана)

1 - жүргізуші: Өлең өрлеп, жыр самғай
Үйлесті әсем әніміз,
Болады екен, жыл сондай
Қандай болса Наурыз.
5. (Өлең жолдары «Наурыз» Алданова Айман, Қаби Әліби)

2 - жүргізуші:
Әдемі би билеп, ән жырлап,
Халықты қуантты ұл - қызы.
Құт болып азат күн – Наурыз,
Шырқалсын қазақтың ән - жыры.

6. БИ: «Қаражорға» Есептеу техникасы - 315 тобының
1 - жүргізуші: - Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,
Ортаға шық, Жұлдызшалар, кел бері,
Баршамызды қызықтырған биылғы,
Сізге мәлім қандай жылдың келгені?

2 - жүргізуші: - Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не?» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
7. Ортаға екі жұлдызшы шығады. Қолдарында дүрбі, кітаптары болады.
(Беркінбаева Әлия, Мадышева Жания)

1 - жүргізуші: Ортамызға қош келдіңіздер! Биыл қандай жыл есік қағып тұр? Оның берері не? Жұлдыздар не дейді екен?
(Жұлдызшылар біресе аспанның оң жағына, біресе сол жағына дүрбілерімен қарайды).
1 - ЖҰЛДЫЗШЫ: Ә - ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі жылан екен.
2 - ЖҰЛДЫЗШЫ: (кітабын парақтап жіберіп) Егер Жаңа жыл иесі жылан десек, онда бұл жылдың көктемі көкорай шалғын, жазы жан біткенге жайлы, күзі дихан қамбасын толтырар ырысты, қысы ескі таныстай ел - жұртқа етене жақын болары даусыз.
1 - жүргізуші: Халқымыздың ұзақ жылдарғы болжамдарында жұлдыздар кестесіне қарап туған жылына байланысты адам бойында кездесетін жағымды - жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын шамалауға тырысушылық болған ғой. Жылан жылы дүние есігін ашқан ер балалардың қандай өзіндік ерекшелігі бар? Соны айтсаңыздар.
1 - ЖҰЛДЫЗШЫ: Бұл жылы туылғандар ер балалар, адал, өз сөзінде тұра білетін, тәуекелшіл, елі үміт күтер аптал азамат болып өседі. Жастары ұзақ боп, дәулетті өмір кешеді.
2 - ЖҰЛДЫЗШЫ: Ал жылан жылы туылған қыз балалар тал шыбықтай сымбатты, тау суындай мөлдір, заты әйел болғанымен ер азаматтармен иық теңестіре алатын қарымды келеді. Ел аналары осылардан шыққан.
1 - ЖҰЛДЫЗШЫ: Қазақтың аспаны бұлтсыз ашық болғалы тұр,
Айы оңынан жұлдызы соңынан туады екен.
2 - ЖҰЛДЫЗШЫ: Жұлдыздар солай деп жымыңдайды,
Тілекші боп біздерге қол бұлғайды.

Екеуі қосылып: Тіл - көзіміз тасқа,
Айтарымыз жоқ басқа
Жылан жылы берекелі жыл болсын,
Ел - жұртымның несібесі мол болсын.

1 - Жүргізуші: Сіздерге көп рахмет! Айтқан жақсы лебіздеріңіздің барлығы да орындалғай!

2 - жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған,
Мәз болсын, жас - кәріміз.
Күй шертілсін, ән айтып,
Би – билейік бәріміз.

8. ( Би «Қазақ биі» Есептеу техникасы - 315 топ)

1 - жүргізуші: Жас қосатын жасына
Жыл басы бұл Наурыз.
Әр кіргізген асыңа.
Бал татыған сары уыз.

2 - жүргізуші: Көктем тойы - әніміз.
Көркемөнер сәніміз.
Өлең, әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.

5. (Ән «Сәукеле» Науанова Нұрмереке, Қонысбаева Жанна, Қойшыбай Айдана)

1 - жүргізуші:
Ал, жарандар, жарандар!
Енді бері қараңдар.
Көзден таса қылмайық,
Көп қызықтың ешбірін.
Ал ендеше қарайық бесікке салу дәстүрін.

9. (Салт - дәстүр «Бесікке салу» ІҚЖ - 203)

2 - жүргізуші: Кел, балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
10. (Сұрақ - жауап)

Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып - ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш даусыз - мінез, кәрілік, ажал.
Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел).
Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата - бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын - Жан тәтті. Мал тәтті. Жар тәтті.
Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ. Сөз анасы - құлақ.
Үш тоқтам - ақыл - арқан, ой - өріс, адам - қазық.
Жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала(жер сілкіну)
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім - білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.

11. (БИ «Шығыс биі» Мадышева Жания)
1 - жүргізуші: Би билейміз ән салып,
Наурыз таңын қарсы алып.
Тәтті әнді таңырқап,
Тыңдайды ел тамсанып.

12. ӘН: «Мерекем» орындайтын ХОР
1 - жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қонақ болғандарыңызға алғыс білдіре отырып, бүгінгі концертімізді жабық деп жариялаймыз!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Наурыз, келдің, қош
Просмотров: 154 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar