Қош келдің, Наурыз,көктемім! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош келдің, Наурыз,көктемім!
24.09.2015, 12:54
Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз, көктемім!

Мақсаты: Балаларға қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алған - Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық айшықтардың суреті. Кең зал іші күмбірлеген күйге толы. Ортада дөңгелек үстел. Онда тостаған, ыдыстар. Қазақтың ұлттық киімін киген тойлы ауылдың көрінісі.
Кештің барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, балалар! Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде ертеден тойланып келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға бастайтын көктем айы.
2 - жүргізуші: Сондықтан наурыз күнін ежелден адамдар жаңа - жылдың басы деп, Ұлыстың ұлы күні деп жақсы тілекпен қарсы алған. Ендеше, жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді,
Екеуі бірге: Тойларыңыз құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле - жала жерге енсін!
1 - оқушы: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

2 - оқушы: Наурыз тойы басталды
Бір орында тұрмаңдар
Қызықтан құр қалмаңдар.

3 - оқушы: Айтып шаттық өлеңін
Алақай дер күн бүгін
Түсіндіріп себебін
Берер екен кім мұның?

4 - оқушы: Жас кәрінің, ұл - қыздың
Той думаны сайраны
22 - сі наурыздың -
Бізде Наурыз мейрамы.
(Осы кезде залға күй ырғағымен немерелерін ертіп, Ақ әже кіреді. Немерелері әжені ортаға алып би билейді.)

Ақ әже: Қашанда құт - береке орнасын деп
Тойларда шашу шашу салты елімнің
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын!

Уа, ағайын, туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім шақырып,
Ат терлетіп алыстан.

Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды елім сағынды
Асыққын сен де сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды.

Келіңдер Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын
Тойлайық халық тойы наурызымның
Шуағын, жерге төккен бақыт күнін.

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп наурыз келді
Арқаңды кеңге салшы, уа, халайық!

Ән: Тойға шашу

1 - жүргізуші:- Қанекей қарсы алайық жылдың басын
Қосылып жасқа - жасың, басқа - басың
Барайық келер жылға төрт көз түгел
Аман боп алыс - жақын, кәрі - жасың.

(Жыл басы жыланды қарсы алу)
Жыл басы: Мен келдім, міне, ортаңызға
Амандық тілеп баршаңызға
Саулығын берсін деймін бәріңізге
Жеткенше ағайыным ЖЫЛҚЫ жылға.

2 - жүргізуші: - Наурызға бүгін міне ағылды жұрт
Күттіріп бар жұртымды сағындырып
Аттаған есігімді жаңа ғана
О, ЖЫЛАН, құтты келдің, жоғары шық.

Бас қонақ өзіңсің ғой осы тойда
Отыршы төрімізге көрпе жай да
Жыланды алғаш рет қарсы алған
Бүлдіршін көрсет өнер осындайда

1 - жүргізуші: О, Жылан жылы өзіңді күтуші бүлдіршіндер шеттерінен өнерлі. Солардың өнерін тамашалаңыз.
Қазақ биі.
Келіңдер Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді
Арқаңды кеңге салшы, уа халайық

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: көктемім!, Наурыз, келдің, қош
Просмотров: 235 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar