Қош келдің, құтты Наурызым! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қош келдің, құтты Наурызым!
24.09.2015, 12:09
«Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие сағаты
Мақсаты:
Оқушыларға Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.;
Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: безендірілген зал, қазақы үй, ұлттық бұйымдар

Өту барысы:
( Сахнада тігілген үй, безендірілген, жаюлы дастархан тұрады)

Көркем сөз: «Сәлем көктем»
Оқитын: Нұрғали Ғабидулла + Лекеров Дастан (қолдарында гүлдері бар)
Сәлем, көктем!
Сәлем, көктем,
Мен қайтадан туылдым,
Көк аспанның күмісімен жуындым.
Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.
Сәлем, көктем,
Таңғы самал ескенде,
Бұлт гүл болып өскенде,
Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.
Сәлем, көктем,
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.
Сәлем, көктем,
Өліп кетпеу үшін мен,
Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
Аспан асты – керемет той, аста - төк,
Ағыл - тегіл жұлдыз нұры ішілген…

Бірге:
Сәлем, көктем,
Өркеш - өркеш томарың…
Сәлем, көктем, қаз - үйректім, қоғалым!..
Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
Қауызында сақталса еді обалым!..
Сәлем, көктем!
Кіл еңбекқор, кіл асқақ
Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
Көңілімнің оркестрін ойнатты,
Тырналардан нота түзген мына аспан!..

Ән: «Шақырады көктем»
Орындайтын:

(Кемпір мен шал келеді.)
Шал: Оразбек
Кемпір:
Бала: Болат
Келін: Жақсыгүл

Кемпір: Ух! Шал екеуіміз талай үйге кіріп шықтық, ағайын – жамағат, көрші – қолаңға жақсы ниетіміз бен тілегімізді білдірдік. Бір көрісіп қуанысып қалдық. Уақыт біршама болып қалыпты, келін шырағым, адыраспан әкелші, үйді аластап жіберейін.
(үйді аластайды)

Алас - алас, әр пәледен алас!
Қараңғы – жарыққа, ызғар – жылыға,
Қара – аққа ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Сор – баққа, кесір – киеге.
Жоқ – барға ауыссын! Жамандық кет!
Бәле – жала кет! Алас! Алас!
Балалар төрге қос шырақ жағыңдар. Үйдегі ыдыс атаулының бәрін аққа, ырысқа, кәусәр бұлақтың суына толтырып қойыңдар.
(үйде абыр – сабыр әрекет жасалады, төрге қос шырақ жағылады)
Кемпір: Жыл бойы ақ мол болсын! (Ыдысқа ақ құяды).
Келін: Дән тасқын - тасқын түсімге бай болсын! (ыдыстарға бидай, тары салады).
Болат: Ата, әже, осы бүгін қандай күн өзі. Таң атқалы әмір жоқ.
Үйді жылан жалағандай тазалап, түрлі - түрлі тамақ әзірлеп, үстімізге бір киер киімімізді киіп алдық. Бұрын «жат, жат» деуші едіңдер, бүгін міне түн ортасы болды әлі ұйықтаған жоқпыз.
Әжесі: Балам, бүгін ерекше күн. Наурыздың 21 - ші жұлдызы. Осы түні даланы Қызыр аралайды. Бүгінгі түн «Қызыр түні».
Болат: Ата, Қызыр деген кім?
Атасы: Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, аяулы бабамыз жақсылықтың жаршысы. Жаңа түскен күн рәмізі –
Қызыр баба даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ертіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының Шығыс бөлігінен таңғы сағат 6 – да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан қазақ халқы Жаңа жылды 22
наурыз күні таңғы сағат 3 - те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер:
Самалық, самалық,
Көк құс көзін ашты ма?
Аяғын жерге басты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы,
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Қап тауының көк құсы,
Жүгірді ме, көрдің бе? – деп қойнында көжегі, қолында нәуірезегі бар балаларына сұрау қойған.

І Жүргізуші:
Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен,
Мейірімділік күлсін шығып.
Наурызда жаңа жыл басталады, Естіледі көктемнің асқақ әні.
Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,
Мына келген тәй - тәйлап жас баланы.
Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.

ІІ Жүргізуші:
Көктемді жыл басы, табиғат жаңашылы деп білеміз. Өйткені, көктемде ұйықтап жатқан аң оянады, жер көктейді. Сай - сала суға толады, алғашқы гүлдер шығады, құстар мекеніне қайтады.
Наурыз мейрамы – Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабылданғанға дейін пайда болған, көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау - жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен - кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Би: «Шашу» биі
Орындайтын:
(осы кезде әжелер шашу шашады, келіндер 7 күлше таратады).
ІІ Жүргізуші:
Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, жан – жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
І Жүргізуші:
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге:
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Құтты, Наурызым!, келдің, қош
Просмотров: 155 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar